Сот кабинеті

Жарияланған: 07.10.2016


2015 жылғы қаңтар айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығында ҚР электрондық сот ісін жүргізуді дамыту мен сот төрелігінің айқындылығын анықтау мақсатында, «ХҚКО» РМК мен ҚР Жоғарғы Сотының арасында «Сот кабинеті» біріккен жобасы іске асырылғанын мәлімдейміз.

Жобаның щеңберінде, ХҚКО жүгінген қызмет алушылар алдағы кезде 2011 жылдан бастап «Е-gov» порталында іске асырылған «Сот кабинетінің» мүмкіндіктері туралы ақпарат алулары тиіс.

Қазіргі таңда, ҚР Жоғарғы Сотының сайтында www.sud.gov.kz сілтемесі бойынша өтіп, әркім «Сот кабинеті» бөлімінде соттың алғашқы сатысына талап арыздарды беруден бастап бақылау тәртібінде сот актілерін қарастыруға дейін азаматтық сот істерін жүргізу бойынша қызметтерді ала алады. Жеке тұлғалар мен оның өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электрондық үлгілерді толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Осы үшін көрсетілген тұлғалар «Сот кабинеті» сервисінде тіркелулері қажет.

«Сот кабинетінде» авторизациялау ЖСН немесе БСН және пароль көмегімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың өкілдері өтініш берген кезде авторизация БСН арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағыттағы ХҚКО қызметкерлерінің міндеті – тұрғындарға «Сот кабинетіндегі» сервистер мен мүмкіндіктер, сондай – ақ электрондық өтініштерді беру кезінде техникалық сүйемелдеуді көрсету туралы ақпарат беру. Осы ақпаратты ұсынған кезде өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышының ХҚКО қызметкерлері электрондық цифралық қолтаңба алуға көмектеседі, өйткені «Сот кабинетінде» жұмыс істеу үшін тіркелу мен авторизация ЭЦҚ арқылы жүргізіледі. Жеке куәліктегі электрондық чипке жазылган ЭЦҚ бойынша электрондық сервиске кіру іске асырылған жоқ.

Сервисті қолданушы «Сот кабинетінде» электрондық құжаттарды тапсырып, авторизация процедурасынан өткеннен кейін сотқа жүгінуіне болады:

1)      талап арызбен;

2)      сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы өтінішпен;

3)      сот отырысы хаттамасының ескертуімен;

4)      өтінішпен.

Қолданушымен енгізілген файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сай келуі қажет. Әр файлдың максималды көлемі 10 MB аспауы тиіс.

«Электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы мемлекеттік баж салықтарының төлемі электрондық үлгіде өтініштерді толтырганнан кейін жүргізіледі.

Өтініштерді толтырған кезде жолдарды таңдап алу шешімі өтініш берішімен қабылданады. Электрондық өтініштерді толық емес және қате толтыру жауапкершілігі өтініш берушілерге жатады.

Талап арыздардың (өтініштердің) аппеляциялық/жеке шағымдардың, кассациялық шағымдар, қадағалау тәртібінде сот актілерін қарастыру туралы қолдау хаттардың, жаңадан ашылған сот актілерін қарастыру туралы өтініштердің жіберілгенін растау жіберілген жөнінде талонның қалыптасуы болып табылады.

Өтініштердің дұрыс толтырылуы мен оның мағынасына қатысты мәселелер бойынша барлық қалған кеңестерді Call-centre – 1401 (Сот органдарының коллорталығы) көрсетеді, онда кәдімгі (стационарлық) телефоннан телефон шалуға болады. Сот органдарының коллорталығына ұялы телефон арқылы қоңырау шалу үшін 8 (7172) 710000 теру қажет.

Біздің мекен жайымыз: Баянауыл ауылы Сәтбаев көшесі 49 «ХҚКО» Баянауыл бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы