Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Жарияланған: 06.10.2016


2013 жылғы қазан айынан бастап 1 және 2 топтағы мүгедектер мемлекеттік қызметті үй жағдайында алуға болатынын ескертеміз. Бұл үшін біріңғай 1414 нөмірі бойынша телефон шалып, өтінім қалдыру керек. ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысқа шығып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынады және клиенттің келуін ыңғайлы уақыт тағайындайды. Мобильді топ 72 жұмыс сағаты ішінде үй жағдайында қызмет көрсету үшін  сапарға шығады, құжаттарды  қабылдау мен беру қызметін тегін жүргізеді, мемлекеттік баж салығы үшін төлем мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен талап етілген жағдайда ғана  алынады.

Өтініш берушілердің келісімі және оларда Интернетке кіретін дербес компьютері болған жағдайда, ХҚКО инспекторлары оларды электрондық үкімет порталы көмегімен мемлекеттік қызметтерді алуға оқытады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы