Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде отырып ала алады.

         Павлодар облысының мобильді ХҚО тобы жыл басынан бері 1414 байланыс орталығына хабарласып, мемлекеттік қызметті алуға ниет білдірген 700-ден астам өтінішке барып, 900-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
         Жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінішін білдіріп, үйден шықпай-ақ керекті құжаттарды рәсімдей алады.
         Қызмет көрсету стандарты бойынша бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен қоңыраудан кейін 56 сағаттың ішінде мобильді топ азаматтары қызмет алушының үйіне барады. Сондай-ақ қызметкерлер қызмет алушының қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба рәсімдеп, электронды үкімет порталын қолдануды үйрете алады. Бұл өз кезегінде олардың портал арқылы дәрігерді үйлеріне шақыртуға немесе дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуға мүмкіндік береді.
          Айта кетейік, ХҚО-ға келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Ондағы пандустар ереже бойынша салынып, кіреберісте қызметкерлерді шақырту түймесі орнатылған. Сондай-ақ әрбір ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі адамдардан құжаттар қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінген.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Павлодар облысы

бойынша филиалының

Баспасөз қызметі

         e-mail: pr_pvl_con@mail.ru

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы