Мекенжай бойынша әлеуметтік көмек алушы – өзінің мәртебесін растауға қажет болған жағдайда, азаматтар әкімдікке, жұмыспен қамту және тұрғылықты мекенжай бойынша әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе жақын жердегі ХҚКО-ға жүгіне алады.

Жарияланған: 07.10.2016

Егер де Сізге ХҚКО бөлімінде мемлекеттік қызметті алуға ыңғайлы болса, біз ол үшін не қажет екенін айтып береміз.

Ең алдымен, кез-келген мемлекеттік қызметтерді ресімдеу сияқты, сізге ХҚКО қызметкеріне жеке куәлікті ұсынып, өтінішті толтыру қажет. Қызмет ақысыз. Дайын анықтаманы алу үшін,  өтініш берген күннен бастап 4 жұмыс күннен кейін жүгінуге болады.

Қызметті ресімдеудің жеделтетілген нұсқасы қарастырылмаған. Азаматтарды қабылдау «электрондық кезекке тұру» тәртібімен жүргізіледі.

ХҚКО барлық бөлімдері 9-00-ден 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейтінін ескертеміз. Бірақ ХҚКО бөлімдері жұма күндеріне қарамастан мереке күндері сізге қызмет көрсете алмайды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы