«Кішкентай таланттар» байқауының павлодарлық қатысушысына сыйлық табысталды

           «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балаларды қорғау күніне орай байқау жариялаған болатын. Байқау мемлекеттік корпорацияның инстаграм желісіндегі @gov4c.kz ресми парақшасында жүргізілді. Сайысқа 3-тен 10 жасқа дейінгі балалар қатыстырылды. Байқау шарты бойынша ата-аналар балаларының кез келген талантын бейнеге түсіріп, парақшараларына жариялап, мерекеге орай құттықтау тілектерін қоса жазуы керек болатын. 3 маусымда шығарылған байқау қорытындысы бойынша ақтаулық 9 жасар спортшы Бекзат, атыраулық кішкентай блогер Зере және поэзия оқыған көкшетаулық Исламия жеңімпаз атанды.
         Алайда мемлекеттік корпорация қалған 32 қатысушыны да назардан тыс қалдырмай, жас дарындарға жұбаныш сыйлығын беруді жөн көрді. Павлодарлықтардың ішінде бұл байқауға 5 жасар Каролина Казанцева да қатысқан. Оның Эдуард Успенскийдің «Рассеянная няня» атты оқыған өлеңі бар видеосын әжесі өз парақшасына жариялаған. Корпорацияның облыстық филиалының директор орынбасары Салтанат Ауппаева бүгін Павлодар қаласының № 93 балабақшасына барып, дарынды қызға сыйлық тарту етті.
          «Біздің Каролина қалалық «Рауан – 2019», облыстық «Бүлдіршін – 2019» шығармашылық байқауларының жеңімпазы. Балабақшаның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Біз мемлекеттік корпорацияға осындай тамаша сайыс ұйымдастырғандары үшін және біздің кішкентай дарынды бүлдіршінімізді назардан тыс қалдырмағандарына алғысымызды айтамыз, жұмыстарына табыс пен өркендеу тілейміз»  дейді № 93 балабақшаның басшысы Жанат Әбеева.
            Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы парақшасына жазылушылар арасында тұрақты түрде түрлі сайыстар өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы корпорацияның "Проактив позитив тудырады " байқауында павлодардық бүлдіршін жеңіп алған, оның анасы бөбегінің туу куәлігін онлайн форматта алғаны жайлы инстраграм парақшасына пост жазған болатын.

                                                                 «Азаматтарға арналған үкімет»

                                                                                мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Павлодар облысы

бойынша    филиалының

Баспасөз      қызметі

                                                                                          e-mail: pr_pvl_con@mail.ru

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы