ХҚКО арқылы тұрғын үйге кезекке қалай тұруға болады?

Жарияланған: 06.10.2016


Біз қалай жылжымайтын мүлікті аламыз? Біреулер  өзедері салып алады, біреулер дайын пәтерді сатып алады, біреулерге сыйға тартады, ал біреулерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөледі. Осы қызметті ХҚКО арқылы ресімдеу үшін не істеу қажет, одан әрі оқыңыз.

Стандартқа сәйкес осы қызметтің ұзақ күрделі атауы бар - «Жеке тұрғын үй қорында жергілікті орындаушы органдармен жалға алынған тұрғын үйден немесе  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды сепке алу және кезекке қою, сондай-ақ тұрғын үй ұсыну туралы жергілікті орындаушы органдардың шешім қабылдауы».

Алайда Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тұрғын үйді тегін негізде алуға құқылары жоқ, тек кейбір санаттағы тұлғалар – бұл мүгедектер мен ҰСА, жалғыз басты аналар, ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балалар, әскери қызметкерлер, космонавтыққа үміткерлер, бюджет ұйымдарының қызметкерлері және т.б. ғана ала алады.

Енді құжаттар тізіміне қатысты.

1.      Жеке куәлік

2.      Коммуналдық тұрғын үй қорынан жылжымайтын мүліктің алынбағаны жөнінде ТКШ  анықтама.

3.      Некені қию (бұзу) туралы  (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болғандығы туралы  (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (2007 жылғы 13 тамызға дейін);

4.      Тұрғындардың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар өтінішті берер алдында отбасының әр мүшесіне соңғы он екі айға кірістер туралы мәліметтер ұсынады;

5.      Бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер мен космонавтыққа үміткерлер жұмыс орнынан анықтама.

6.      Талап ету бойынша отбасы құрамы туралы анықтама.

Егер сізде ЭЦҚ болса және Электрондық Үкімет порталында тіркелген болса, онда қызметті ХҚКО бармай үйде алуға болады. Құжаттар тізімі сіздің ХҚКО бөлімінде қызметтерді ресімдеу кезінде инспекторға ұсынатын құжаттарымен бірдей, бірақ электрондық үлгіде.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы