Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 9 желтоқсанда

Жарияланған: 09.12.2016


Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні  9 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Баянауыл аудандық бөлімінде  «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жемқорылққа қарсы стандарт және құқықтық қамтамасыз ету тәртібі» атты тақырыпта  семинар өтті. «Дөңгелек үстел» кеңесіне  «Нұр Отан» өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары түсіндірілді, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық құқық бұзушылықтарының  алдын алу және жемқорлық қылықтарына төзбеушілікті қалыптастыруда құқықтық көмек көрсету  рөлінің мәселесі талқыланды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы