Egov.kz порталының көмегімен үйден шықпай жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт алу үшін өтініш беруге болады

Жарияланған: 23.04.2018


Электрондық үкіметті енгізу қызметі үйден шықпай  қолжетімді болған көптеген мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетті. Бір ғана «жылжымайтын мүлік» санатында азаматтар 70 астам онлайн-қызметтері мен 25 онлайн-төлемдерін қолдана алады. Қазіргі күні  осындай  талап етілетін қызметтің бірі жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру.

 Үйден шықпай техникалық паспортқа тапсырыс беру үшін келесі 8 қадамды жасау қажет:

 

1 Қадам. Электрондық үкімет порталының (www.egov.kz) басты парағына ауысып, «Жылжымайтын мүлік»қосымша парағына  кіріңіз.

 

2 Қадам. «Сатып алу, сату, жалға алу» қосымша парағына ауысып, «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты алу үшін электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

 

3 Қадам. Қызмет парағының  оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдаланыңыз.

4 Қадам. Сізді авторландыру парағына ауыстырады, ЖСН және құпия сөзді қолданып, немесе ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациядан өтесіз.

5 Қадам. Жылжымайтын мүлік объектісінің қатынасын таңдайсыз.

6 Қадам. Келесі қадамда өтініштің түрін, жылжымайтын мүліктің түрін, мекенжай мен кадастрлық нөмірді таңдайсыз.

7 Қадам. Құқықты анықтайтын құжаттың көшірмесін сканерлеп, бекітесіз, «дәйексіз деректерді ұсынғаным үшін жауапкершілікте боламын» қанат белгісін қоясыз.

8 Қадам. Онан соң төлемнің түрін таңдап, қызметке қол қоясыз және мәртебені жаңартасыз.

Қорытындылаушы қадам жеке куәлікпен және көрсетілген уақытта хабарламаны алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на  келу болады. Пәтерді, жатаханалардағы бөлмелерге немесе жапсарлас салынған үй-жайларға  техникалық тексеру үшін жүгінген жағдайда жер  учаскесі үшін сәйкестендіру құжатын ұсыну қажет еместігін ескеру керек.

 

Қызметтің құны: бағанамаға сәйкес   

Қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін

Егер сізде сұрақтар болған жағдайда «1414» Бірыңғай байланыс-орталығына жүгінуіңізге болады, қоңырау тегін.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы