Егер кадр бөліміне сіз заңға бағынатын азамат болып табылатындығыңызды және Бас Прокуратура есебіне тұрмайтындығыңызды растайтын құжат қажет болған жағдайда, ХҚКО батыл түрде барып, осы анықтамаға тапсырыс беруіңізге болады.

Жарияланған: 07.10.2016


Егер кадр бөліміне сіз заңға бағынатын азамат болып табылатындығыңызды және Бас Прокуратура есебіне тұрмайтындығыңызды растайтын құжат қажет болған жағдайда, ХҚКО батыл түрде барып, осы анықтамаға тапсырыс беруіңізге болады. Тұрғындар арасында соттылығы жоқ жөніндегі анықтама   мекенжай анықтамасы, зейнетақылық салымдар туралы анықтама, тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екендігі жөнінде анықтама және т.б. тәрізді сұранысқа ие анықтама болып табылады. Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзын күрделі атауы бар - «Тұлғаның қылмысты жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитетінің есептері бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру». Осы үшін өзіңізде тек жеке куәлігі болуы қажет, қызмет тегін көрсетіледі.

Қызметті көрсету мерзімі 10 минуттан 5 жұмыс күніне дейін, мұның барлығы  Бас прокуратурада сіздің өтінішіңіз қалай шұғыл өңделуіне байланысты  болады. Соттылығы (жоқ немесе бар) екендігі жөнінде анықтаманы Электрондық үкімет порталында, «Құқықтық көмек» бөлігінде алуға болады. Бұл үшін электрондық өтінішті толтырып, өз электрондық қолтаңбаңызды   қоясыз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы