БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жарияланған: 07.10.2016


Астаналық автокөлік иелері психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамаларын мамандандырылған ХҚКО-ларда ала алатын болады

Бүгінгі күні психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердіңқызметкерлері қазірдің өзінде Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасауда. Бұл туралы уағдаластыққа өткен жылдың қараша айында екі ведомство басшыларының кездесуі барысында қол жеткізілді. Енді астаналық автокөлік иелері үшін де осындай мүмкіндік туып отыр.

«Осы жаңалық автокөлік иелері арасында кеңінен танымал болды, мысалы Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-сының өзінде ғана қызметті іске қосқан сәттен бастап бес ай ішінде нарколог және психиатр дәрігерлер 47 мыңнан астам анықтама беріп үлгерді», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК бас директорының м.а. Әсемгүл Балташева. Балташеваның айтуына қарағанда, Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында осы іспеттес 103 270 анықтама берілген.

Алматылық автокөлік иелері ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап мамандандырылған ХҚКО ғимараттарында көрсетілетін қызметтердің толық циклін ала алатындығын атап өтейік. Онда арнайы шоферлік комиссия өз жұмысын бастап кетті, ол ХҚКО-да «083у» анықтамасын алуға мүмкіндік береді. Байқауды терапевт, хирург, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог жүргізеді.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні жүргізуші куәліктерін беру, автомобильдерді тіркеу мен қайта тіркеу және жүргізуші нөмірлік белгілерін беру жөніндегі қызметтерді ұсынатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның 5 қаласында жұмыс жасайды. 2015 жылдың басына қарай Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында осындай 4 ХҚКО-ны іске қосу жоспарланып отыр.

Анықтама ретінде:

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы – бір терезе қағидаты бойынша жүргізуші куәліктерін беру және автокөлік құралдарын тіркеу бойынша  халыққа мемлекеттік қызметтер ұсынатын мекеме.Аталған жоба Мемлекет басшысының автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды. Бизнес-процесстерді автоматтандыру, мемлекеттік органдардың деректер қорлары мен ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде автокөлік иелері үшін қызметтер көрсету уақыты орташа есеппен 2 сағатқа қысқарды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы