Қазіргі таңда Павлодар облысында 14 000 жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар тұрады.

Жарияланған: 06.10.2016


Адамдар өзін мүгедекпін  ден сезінбеуі маңызды.

Бұл тағдырдың  қиын сынағы жіберілген адамдар.

Тек аяушылық аз,  мүмкіндіктерді дамыту керек.

(Л.И. Швецова)

 

Қазіргі таңда Павлодар облысында 14 000 жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар тұрады. Олардың көпшілігі, өздерінің денсаулық жағдайына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанады – ЖК ашады, спортпен шұғылданады, қоғамдық бірлестіктерді басқарады. Барлық ұйымдарда  оларға жайлы қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қолданылады.

ХҚКО шетте қалған жоқ. Сонымен, жылдың басынан бастап Павлодар облысының Мобильді ХҚКО  мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың үйлеріне  878 сапарлар жүзеге асырылды және 952 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Дайын құжаттарды 1,2 топтағы мүгедектер жеке қолдарына мүлде тегін алады. Ол үшін оларға 1414 қысқа нөмірі бойынша телефон шалып, ББО өтінім қалдыру керек. 

ХҚКО барлық ғимарттарында мүгедектер үшін қоңыраулар, пандустар қарастырылған. Жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ым тілін оқу курстарын өтеді,  бұл есту проблемасы бар клиенттерге мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеңілдетеді.

Сонымен, Павлодар облысының ХҚКО 16 қызметкерлері сурдоаудармашы курсын өткендігі туралы сертификаттарға ие болды. Бір ай ішінде кәсіби педагогтардан олар ымдау көмегімен «электрондық анықтама», «электрондық кезек», «дайын құжат», «электрондық цифралық қолтаңба» және т.б. сөздерді көрсетуді үйренді. Павлодар қаласының №3 бөлімінің инспекторы Перизат Жакиянова ым тілі, қиын пәнінен емтиханды жеңіл тапсыратынын күтпеген еді.

- Әрине, біз  осы қиын ғылымның тек басқы негіздерін ғана үйрендік және көп жағдайда тек ХҚКО арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қатысты  ымдар мен белгілерді жаттадық. Сонымен қатар дактильді өттік. Бірде бір сабақты босатқан жоқпыз, өйткені ХҚКО жұмыс жасау барысында  сурдоаудармашының сүйемелдеуімен келген саңырау клиенттермен  бірнеше рет кездескен едім. Менің оларға көмек бере алатыным және олардың тілін білетінім  өзіме ұнайды. ХҚКО басшылығына осы мүмкіндікті ұсынғанына алғыс білдіремін.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы