Қазақстанның ХҚКО өте сирек кездесетін, бірақ барлықтарына өте қажет қызметті алуға болады, мысалы ІҚМ немесе асыл тұқымды арғымақтарды елдің сыртында көбейті үшін құнарлы азықты экспортқа шығарғысы келетіндерге көрсетілеті қызмет!

Жарияланған: 06.10.2016


Қазақстанның ХҚКО өте сирек кездесетін, бірақ  барлықтарына өте қажет қызметті алуға болады, мысалы ІҚМ немесе асыл тұқымды арғымақтарды елдің сыртында  көбейті үшін құнарлы азықты экспортқа шығарғысы келетіндерге көрсетілеті қызмет!

Қызметтің атауы «Тиісті аумақта эпизоттық жағдайды бағалау есебімен орналастырылатын (ауыстырылатын) объектілерді экспортқа, импортқа  және транзитке шығару  үшін рұқсат алу» .

«Эпизоо́тия» викпедияда таңсық сөз, егер жетімді тілмен айтқанда «малдарда кездесетін эпидемяны» көрсетеді.

Бұл қызметті ХҚКО алу үшін  келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. мәліметтер жазылған өтініш: экспорт кезінде - орналастырылатын (ауыстырылатын) объектілердің пайда болу (табылатын) орны-тасу орны туралы;
  1. Экспортшы- елдің ресми органы әр малдың басына берген асыл тұқым куәлігінің немесе оған балама құжатының көшірмесі (асыл тұқымды малдар мен асыл тұқымды өнім материалын импортқа шығарған кезде).
  1. Мал дәрігерлік зерттеулердің сараптама актісінің көшірмесі (сынақ хаттамалары).
  1. Жеке куәлік
  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қолдануға, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылмаған жағдайда қызмет алушыдан жазбаша келісім алынады.

Қызмет тегін көрсетіледі. Клиент орналастырылатын (ауыстырылатын) объектілерді   транзитті тасымалдауға басқа мемлекеттің қызметтерімен транзиттік келісім қажет ететін рұқсаттардан басқа объектіні орналастыруға рұқсатты 10 жұмыс күні ішінде ала алады, ал егер мал карантинде болған жағдайда бір ай тосуға тура келеді, дайын құжаттарды беру тек 60 жұмыс күні өткеннен кейін ғана берілетін болады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы