Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін. «Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева.

Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың қай түрі мәліметтер санатына ауысатыны не мүлде жойылатыны шешіледі. Аталған анықтама түрлері Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын.  ҚР ІІМ бұл идеяға қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда.

 

 

                                                                          «Азаматтарға арналған үкімет»

                                                                         мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

                                                                         Павлодар облысы бойынша филиалының

                                                                         баспасөз қызметі

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы