«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды

Жарияланған: 07.04.2017


Бүгін  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның барлық басшы  құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, ХҚКО департаментінің  директоры Жаннат Нұржауова  бірнеше сағаттың ішінде кеңесшіге айналып, оның орынбасарлары өз қолымен Павлодарқ. №3 ХҚКО бөлімінде  құжаттарды қабылдады.

Ж.Нұржауованың айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру  департаменттерінде жүргізілуде. «Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді»- деді Ж.Нұржауова.

Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Павлодар облысында  мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін  16 фронт-офистері жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 1 миллион 700 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы