Жұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы - Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Джұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы - Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Джұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы - Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Жұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы 1989 жылы 16-қаңтарда Түркістан облысы, Шымкент қаласында туған.

Білімі – жоғары:

2010 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін бітірген; мамандығы – «Құқықтану», «Құқық бакалавры»;

2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген; мамандығы – «Заңтану», «Құқық магистрі».

Жалпы еңбек өтілі – 7 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 7 жыл.

Еңбек жолы:

2010-2012 жылдары – Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, кейіннен аға көмекшісі;

2012 жылдың мамыр-қараша айларында – Қостанай облысы прокуратура басқармасының прокуроры;

2013 жылғы наурыз-мамыр айларында – «НК «СПК «Есиль» акционерлік қоғамы Құқық жұмыстары департаментінің менеджері;

2013-2015 жылдары – Көкшетау қаласы және Павлодар ауданы әкімдерінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы;

2015-2016 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі;

2016 жылғы 26-шілдеден бастап «Павлодар облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Баянауыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 19-желтоқсандағы №2-23/56 өкімімен Джұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы ішкі конкурс қорытындысы бойынша  Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы