Введите ваш запрос для начала поиска.

Тоғжігітова Бақыт Кенжеғайырқызы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Тоғжігітова Бақыт Кенжеғайырқызы. 1961 жылы 6 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Александровка ауылында дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы орта мектепті бітірді. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Білім бөлімінде есепші, экономист, бас есепші болып жұмыс істеді. 1999 жылы Қарағанды экономика – құқықтық колледжінің филиалында есепші болып жұмыс істеді.

2001 жылы халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жетекші маман, 2001 жылдың қарашасында бас маман болып ауыстырылды. 2004 жылдан бастап  Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің басшысы болды.

2005 жылы Экономика және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына, 2006 жылы ауданның қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2008 жылдың 11 маусымында ауысу тіртібімен аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2012 жыл Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық ІХ Форумына дайындық және оны өткізу жұмысына белсенді қатысқаны үшін Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Павлодар облысына 75 жыл мерейтойлық медалімен» марапатталды.

2013 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2015 жылдың 05 тамызында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.

Тұрмыста, 2 баланың анасы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы