Кәрімов Қанат Сәрсенұлы– Баянауыл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы

Кәрімов Қанат Сәрсенұлы 1964 жылы 26 тамыз күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында дүниеге келген.  

Білімі жоғары. 1986 жылы «Тарих және қосымша советтік мемлекеттік право негіздері» мамандығы бойынша бiлiктiлiгi «Тарих және қосымша советтік мемлекеттік право негіздері» Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ педагогика институтын тәмамдаған.

2012 жыл - «Қазақстан Республикасының мәдени қайраткері» атағы және 2013 жыл - «Құрмет» орденімен наградталған.

Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл, мемлекеттік қызыметте – 15 жыл.

Соңғы жұмыс орыны Павлодар қаласы «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Үйленген, отбасылы.

2019 жылғы 24 маусымнан бастап Кәрімов Қанат Сәрсенұлы «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ, Баянауыл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қабылдау күндері мен уақыты: сейсенбі, бейсенбі сағат 16-дан 18.30-ға дейін. Қызмет телефоны: (871840)9-13-79.

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы