Қайыргелдинов Оразгелді Әліғазыұлы, Баянауыл ауданының әкімі

Баянауыл ауданының әкімі болып Оразгелді Қайыргелдинов тағайындалды.

           Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов 1957 жылы 17 сәуірде Павлодар облысы Железин ауданы Тұрсынбай ауылында дүниеге келген. Экономика және саясаттану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын Железин ауданы «Кеңестік Қазақстан» кеңшарында бас экономист болып бастады, «Железинский» кеңшарында партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1991 жылдан 1996 жылға дейін - Железин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, кеңшардың бас бухгалтері, мемлекеттік кооперативтің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, Железин ауданы агроөнеркәсіптік кешенінің бастығы. 1996 жылдан 2003 жылға дейін «Еңбекші» ШАШК директоры, одан соң «БАТ-RV» ЖШС директоры. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар облысының Қашыр ауданын басқарды. 2007 жылдың қараша айынан бастап - Ақсу қаласының әкімі. 2011-2014 жылдары Павлодар қаласының әкімі. 2015 жылдың шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімдігінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы болып қызмет атқарды.

2016 жылғы 18 тамыз №158 облыс әкімінің өкімімен Баянауыл ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

«Кұрмет» ордені және «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдарымен марапатталған.

Азаматтарды қабылдау кестесі

     

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы