Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 1978 жылы 01 қаңтарда  Қарағанды облысы  Жаңаарқа ауданында туған.

Екі жоғары білімі бар:

- 1999 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген, «Ағылшын және неміс тілі мұғалімі» біліктілігі берілген.

- 2015 жылы Эстония дипломатия мектебін бітірген. Біліктілігі «Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция».

Жалпы еңбек өтілі - 14 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 9 жыл.

Соңғы қызметі - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті.

Үйленген, 3 баласы бар.

Аудан әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы №2-23/33 өкімімен  Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 2016 жылғы 24 тамыздан бастап Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары  лауазымына тағайындалды.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы