Введите ваш запрос для начала поиска.

Ахметов Мәдениет Қайыргелдіұлы – аудан әкімінің орынбасары

Ахметов Мәдениет Қайргелдіұлы, 1963 жылы 12 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келді.

Екі жоғарғы білімі бар. Павлодар монтаждау техникумының өндірістік және азаматтық құрылыс бөлімі бойынша техник-құрылысшы мамандығын алды.

1990 жылы Павлодар индустриалды институтының өндірістік және азаматтық құрылыс бойынша құрылыс-инженері деген біліктілігі берілді.

2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мандығы бойынша бітіріп шықты.

Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл, мемлекеттік қызыметте – 10 жыл.

Соңғы жұмыс орыны «КВАТРО ПЛЮС» ЖШС  директорының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Баянауыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №2-23/02  өкімімен Ахметов Мәдениет Қайыргелдіұлы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қабылдау күндері мен уақыты: сәрсенбі, бейсенбі сағат 16-дан 18.30-ға дейін.

Қызмет телефоны: (871840)9-10-25.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы