Абылғазин Қайыргелді Қасымтайұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы

Абылғазин Қайыргелді Қасымтайұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы

Абылгазин Қайыргелды Қасымтайұлы 1960 жылы 9 мамыр күні Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген.

1967-1977 жылдары Баянауыл ауылының № 2 жалпы орта мектебін оқып бітірген. 1977-1982 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономикалық-техникалық жабдықтаудың экономикасы мен жоспарлануы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1982 жылдың тамыз айынан Орынбор қаласына «Радиатор» зауыты жабдықтау бөлімінің экономисті болып бастады. 1983 жылдың соңында Кеңес әскері қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеді.

Жалпы жұмыс өтілі – 31 жыл, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 21 жыл 10 айды құрайды.

Баянауыл ауданы әкімінің 2009 жылғы 09 қарашадағы № 1-167 өкімімен Абылғазин Қайыргелді Қасымтайұлы Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы