Серікбай Дастан

Жарияланған: 17.10.2016


Баянауыл ауданында туризм саласын әліде қарқындырақ дамыту қажеттілігі бар сияқты. (Серікбай Дастан)

Туризм саласында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басымды игеру объектісі болып табылады. Жылдан жылға туризм саласы жоспарға сәйкес дамуда. Парк аймағында 28 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 40 демалыс үйі орналасқан. Сонымен қатар балаларға арналған 2 демалыс үйі жұмыс істейді. Павлодар қаласының туристік фирмалары ұйымдастырған экскурсияларды парк қызметкерлері жүргізеді. Туристерге экологиялық туризм, атпен саяхат, тренингтер мен ғылыми туризм (ботаникалық, орнитологиялық, этимологиялық) ұсынылады. Бүгінгі таңда паркте 14 туристік маршрут, 3 оқу соқпақтары, 7 уақытша демалыс орындары, 2 туристік стационарлық кемпинг, 6 автотұрақ бар. Соңғы жылдары қызмет көрсету жұмыстары, оның ішінде туризм саласы дамуына байланысты демалушылар саны көбеюде: 2008 жылы 145000 адам демалса, 2009 жылы Жасыбай демалыс аймағында 150399 адам демалды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы