Введите ваш запрос для начала поиска.

Әсем

Жарияланған: 17.10.2016


Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай шаралар өткізіледі? Рахмет (Әсем)

Аудан бойынша жастардың еңбек мониторингі үнемі жүргізіледі. Аудан мекемелері мен кәсіпорындарының мамандарға қажеттілігі зерделеніп, кәсіптік даярлық пен қайта даярлауға ықпал жасалуда.

Барлық мектеп бітірушілер туралы толық мәлімет алынып, бақылануда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және ішкі саясат бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 60-тан астам жұмыссыз жастар қатысып, нәтижесінде 31 адам «Жасыбай» демалыс орнына уақытша маусымдық жұмысқа орналастырылды,  5 адам кәсіптік лицейге әртүрлі мамандық бойынша оқуға жолдама алды.

Аудан мектептеріне қажетті 46 жас маманға ұсыныс жасалып, әрқайсысына 50.0 мың теңге көтерме қаражат қарастырылды.

Аудандық ауруханаға 1 дәрігер хирург маман келіп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы