Дария

Жарияланған: 17.10.2016


Сәлеметсіздер ме?! мен осыдан бір жұма бұрын сіздерге хат жолдаған болатынмын сол хатқа жауапты таппай отырмын! күркелі ауылының дүкендерінің сөресіндегі қолдану мерзімі өтіп кеткен тауарлардың әлі де болсын қолданып жургені жөнінде және қатып қалған заттарды балаларға алдап сатып, тауар бағалары өте қымбат екенін айттқым келеді. аудан тауарларының бағасынан 2-3 есе қымбат. Не сонда ауылдықтар қала, аудан жұртынан көп еңбекақы тауып отырғаны ма? Жоқ керісінше кем болмаса артық болып жатқаны жок. Бұл түсініспеушілікті қарастыруыңызды сұраймын! сіздер осының бәрінен бейхабарсыздар соны неге келіп тексермеске қолдану мерзімі жарамсыз тауарларды дүкен сөрелерінен алғызып тастамасқа. Сіздерден жауап күтемін. РАХМЕТ! (ауыл тұрғыны Дария)

Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттіқ-санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Сіздің 16.04.2012ж №2-26-253 тапсырмаңызға жауап ретінде төмендегі жайды хабарлайды:
Күркелі ауылдық округінің тұрғыны азаматша «Дарияның» хатта көрсетілген фактілерін аныктау мақсатында 17.04.2012 ж. біздің мамандар  Күркелі а/о барып тиісті жұмыстар жүргізді.
Күркелі а/о әкімдігімен бірлесе жүргізген шаралардың нәтижесінде «Дария» атты хат иесінің аталмыш округте тұрмайтыны аныкталды.
Ауыл тұргындарынаң сұрастыру жүргізгенімізде де «Дария» есімді адамның бұл елде тұрмайтынына анық көз жеткізілді.
Бүгінде Күркелі а/о аумағында саудамен айналысатын 4 жеке кәсіпкер тіркелген, олар:
Ж.К.Б.Сәрсембаеваның «Үмітай» дүкені
Ж.К.С.Н, Нұрахметованың «Әлихан» дүкені
Ж.К.К.Айтжанованың «Диана» дүкені
Ж.К.З.Иманбекованың дүнгіршегі  (киоск)
Ауданның ауышаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы А.О.Секебаевтың және ауылдық округ әкімдігінің мамандарының катысуымен аталмыш сауда нысандарына жалпылама тексеру жүргізіліп төмендегі жағдайлар  анықталды:
Ж.К. К.Айтжанованың «Диана» дүкенінде 4 л «Спрайт» сусыны, 2 кг. тұздалған балық пайдалану мерзімі өткен деп танылды.
Қалған 3 сауда нысанында пайдалану мерзімі өткен тауарлар байқалмады.
Аталған 4 сауда нысандарының бірде бірінде тауарлардың сертификаттары  жоқтығы, сонымен бірге олардың санитариялық жағдайлары қанағаттандырлықсыз екендігі анықталды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде жазылған хаттын иесі анықталмағандықтан анонимдік хат деп танылып, соған байланысты сауда нысандарының иелеріне Баянауыл ауданы бойынша МСЭҚБ тарапынан әкімшілік  шара колдану заңсыз екендігін хабарлаймын.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы