Бейсембаева Айгуль Болатовна: Тұрғын үй мəселесі

Жарияланған: 13.09.2017


Салеметсиз бе. Мен майкайын поселкасы ленина 59 үйде турамын. Біздің үйдің жағдайы өте нашар.жартылай құлап тур. Уй деп те атауға келмейді аварийный состоянияда. Соғыстан калган 4 қабырга сиякты. Əкімге барсақ əне міне ақша жоқ күте тұр деп əдемі шығарып салады. Сонда біздің устімізді бұл уй басып калганда ақша бола ма? Мен 4 баламмен бұл жерде қалай қыстаймын. Бізден кейін баргандарга ақшаларын беріп үйлерін əперіп қойды.сонда олар взяткаларын беріп алды ма? Егер сіз осы 
мəселені тез арада шешпесеңіз мен президентке баруға мəжбүр боламын. Рахмет

2017 жылдың 22 тамызында аудан әкімінің жеке блогына Майқайың кенті, Ленин көшесі № 59 –шы үйдің тұрғыны А.Б. Бейсембаеваның жазған №36  өтініші бойынша төмендегідей ақпрат ұсынамын.

         2014 жылы Майқайың кенті Ленин көшесі 59  көппәтерлі тұрғын үй тәуелсіз сарапшымен аппаттық жағдайда деп танылды. Бүгінгі күні жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбеуіне байланысты жұмыстар жүргізілмеді.

         Сонымен қатар өтініш иесінің тұрғын үйі сараптама қорытындысы бойынша аппаттық жағдайда болып танылғандықтан, Баянауыл ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің тұрғын үйге мұқтаж азматтарды есепке алу және кезеккке қою тізімінде тұруы үшін тұрғын үй комиссиясына өтініш жазуы қажет.

 

 

         Баянауыл ауданының

         ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ

         бөлімінің басшысы                                               Б.Бижанов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы