Введите ваш запрос для начала поиска.

Баласұғын

Жарияланған: 17.10.2016


Баянауылдағы Жаяу-Мұса атындағы балалар музыка мектебінде оқитын балаларға жеңілдіктер берілмейді.15 мамыр күні облыста өтетін Дельфий ойындарында бір категорияда 3 конкурсант қатысуға болады деген бұйрық болған,неліктен енді 13 мамырда бір конкурсант қатысады деп бұйрық келіп тұр.Бұны қалай түсінуге болады? Қаражат жетпей ме немесе оқушыларға сенімсізсіңдер ме?Балам келіп ренжіп жүр. Қаншама дайындығы босқа кетті.Бұл аудан үшін ұят нәрсе ғой. (Баласұғын)

Құрметті Баласұғын!

Жаяу-Мұса атындағы балалар өнер мектебі облысымыздағы төлем ақысы ең төменгі өнер мектебі. Облыстық сайыстардың бірінен қалмай, қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 15 мамырда өтетін Дельфийлік ойындардың ережесінің 4 - тармақшасында 1 номинацияға үш кісіден аспауы тиіс. Облыстық делфейлік ойындарға, тек ауданның іріктеу турынан өткен үздіктер ғана қатыса алады. Бұл жай байқау емес, облыстан өткендер Республикалық, халықаралық байқауларға жолдама алады. Өнер адамның дайындығы еш уақытта зая кетпейді, өнер мектебінің оқушылары алдағы уақытта өтетін байқауларға қатысып көрермендерді қуантады деген сенімдеміз.

Ішкі саясат бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы