Введите ваш запрос для начала поиска.

Байғалы Шолпан Байғалықызы

Жарияланған: 17.10.2016


Құрметті Ернұр Нұрмұханұлы! Менің аты жөнім Шолпан Байғалықызы. Ақын, журналист.Көп жылдар теледидарда, газетте, облыстық әкімдікте қызмет жасадым. Қазір зейнет демалысындамын. Баянауыл ауданыны мәдени шаралар өткізуден кенде емес.Сіздерге атақты ақындар да, өнер адамдары да баруға, жылы жүзді кездесулер өткізуді армандайды.Өткізіп те жүр. Мен облысымызда қыздардан алғашқы айтыстарға шығып,ел намысын қорғаған жандардың жалғызымын. 7-8 кітаптарым жарық көрді. Өткен жылы "Сағым уақыт" деген кітабым жарық көрді. 2013 жылдың желтоқсан айында Шаңырақ мәдени орталығында облыс әкімінің қолдауымен мерейтойым өтті. Мені Баян жұртшылығы жақсы біледі. Егер мүмкіндік болса мәдениет үйінде кездесу өткізілсе. "Бұқар жырау" атындағы мұражай ұйымдастырар еді. Менің өлеңдерім орындалады.Концерт беріледі. Менің байланыс телефоным 87182328317,87770811368,87013716049. (Байғалы Шолпан Байғалықызы)

Құрметті Шолпан апай!

Павлодар қаласы тұрғыны ақын, журналист Шолпан Байғалықызының өтінішімен аудан бойынша  жаз айларында өтетін мерей тойларға байланысты Шолпан Байғалықызының Баянауылда кездесуін  2014 жылдың қараша айында өткізу жоспарланды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы