Аклима

Жарияланған: 17.10.2016


Мен Қаражар ауылының тұрғынымын. Біздің ауылда, жалпы Баянауыл ауданында жұмыссыз жүрген жастар өте көп! Жұмыс орынын ашу неге дұрыстап қолға алынбайды. Қанша әкім ауысса да осы мәселе шешілмейді. Ал, Баянауылда еңбек орынын әр сала бойынша ашу керк. Туризм, ауыл шаруашылығы, шағын өндіріс мекемелер жасауға болады ғой! (Аклима)

Кәсіпкерлікпен айналысам деген жастарға Үкімет тарапынан бірнеше бағдарлама бар «Жұмыспен қамту 2020», «Сыбаға», «Агробизнес 2020», оларда төмендетілген пайызбен 5-7 жылдық мерзімге несие беру қарастырылған. «Ертеңің үшін аянба» пилоттық бағдарламасының (1000 бизнес идея) жергілікті газетке басылып халыққа насихатталған. Облыс әкімі Е. Арынның тапсырмасы бойынша 2012 жылдың қараша айынан бастап қалалар мен аудандарда «Кәсіпкерлікті дамыту орталығы» ашылған. Баянауыл ауданында «Кәсіпкерлікті дамыту орталығының» мекен жайы Сәтпаев көшесі 49 үй, байланыс телефоны 9-16-45. Заңгер және менеджер мамандары кәсіпкерлікпен айналысам деген адамдарға бизнес-жоспар жасауға кеңес беру қызметін көрсетеді. Нақты іспен айналысам деген адамға құжаттарын дайындауға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары көмек көрсетеді. Байланыс телефондары 9-12-46, 9-22-39, электрондық пошта:bayandepselhoz@mail.ru

Серкебаев А.О. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығ бөлімінің басшысы

Жұмыссыз жүрген жастар Баянауыл ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Сол арқылы атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша қоғамдық жұмыстарға, жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн әлеуметтік жұмыс орындарына,кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жеке ісін ұйымдастыру үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына несие алу үшін өтініш бере алады. Атап кететін жайт, бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері 29 жасқа дейінгі ауыл жастарына беріледі.

Рахимова С.Ф. жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы