Жосалыға, Лекерге баратын жол жөнделеме, қашан, ақша бөлінді ме, неше шақырымы жөнделеді және қай жері? Аудандағы ең бір жаман жол. Бұдан бұрын ең кейінгі жөндеу жүргізгенде 2 шақырымдай асфальт сымақ салған болатын, жөндеуден кейінгі келесі жылы ол жерден асфальттың жұрнағы да қалмады. Сол жолды жөнделді деп қабылдағандар кімдер екен? (Акижаев Жұмагелді)
Аудандық маңызы бар «Баянаул - Угольное» 18 шақырым автомобиль жолына ағамдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары басталды, мердігер «САПА» ЖШС.
Бүгінгі күні 75% жөндеу жұмыстары жасалды, атап айтқанда шұңқырлар бітеліп, тегістеу жұмыстары жалғастырылуда. Жөндеу жұмыстарының аяқталуы 2014 жылдың 30 қыркүйек күніне белгіленген.