Майқайыңның архивін сұрауға болады ма? (Қаббас Абылай Болатбекұлы)
Құрметті, Қаббас Абылай Болатбекұлы!
Облыстық мемлекеттік мұрағатының Баянауыл аудандық бөлімінде Майқайың поселкелік Советтің (аппараттың және поселкелік Советке қараған бюджеттік мекемелердің жұмыскерлерінің) 1939-1989 жылдар аралығындағы құжаттары ғана бар. Ал Майқайың поселкесі аумағындағы басқа мекемелер мен кәсіпорындардың, оның ішінде «Майқайыңалтын» ашық акционерлік қоғамының (ААҚ) құжаттары мемлекеттік сақтауға тапсырылмаған. Құжаттар аталған мекеменің ведомствалық мұрағатында сақталуда.