Введите ваш запрос для начала поиска.

А.С.ЖУМАНОВА.

Жарияланған: 11.10.2016


Маусым айының 20-ы күні Баян төрінде «Жас толқын -2015» атты игі шара өтті. Осы шараны ұйымдастырып отырған аудан әкімшіліг мен білім бөліміне ата-аналар атынан алғысымыз шексіз. Бұл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара болғанына қарамастан өте әсерлі әрі ұйымшылдықпен өткен кеш болды.жас түлектерге алдыңғы толқын аға-апалары Баян елінің құрметті азаматтары бата-тілектерін айтып, ақ жол тілеп жатқаны ,әнші қызымыз Роза Мұқатаева мен жергілікті әнші қыз-жігіттердің әуелі әні ерекше сый болды. Өз басым баламның халық алдына шығып, он бір жыл білім алған білімінің қорытынды аттестатын алғанда ерекше сезімге бөлендім. Сондықтан осындай шараны ұйымдастырушыларға табыс тілей отыра, Баян төрінде еліміздің көк байрағы желбіреп, түлектеріміз еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы