Виртуалдық қабылдау

Құрметті блог пайдаланушылары!

Сіздермен Баянауыл ауданы әкімі блогында кездескеніме қуаныштымын. Осы блог арқылы Баянауыл ауданы бойынша өзіңізге қажетті сұрақтарыңызға жауап таба аласыздар.

Заманауи технологияларының қарқынды дамуына байланысты мемлекеттік басқару саласының жедел мәліметтеріне деген қажеттілік көбейіп, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны да күн санап артуда. Баянауыл әкімінің блогы жаңа заманға сай бейімделді. Нақты әрі сапалы жауап алу мақсатында өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды өтінемін.

Блог арқылы сұхбаттасу әкімшілік тосқауылдарды төмендетіп, халыққа қызмет көрсету сапасын арттырмақ.

Осы сілтеме арқылы http://blog.pavlodar.gov.kz/?lang=1&id=6 өте аласыз.





Бейсембаева Айгуль Болатовна: Тұрғын үй мəселесі
13.09.2017 Салеметсиз бе. Мен майкайын поселкасы ленина 59 үйде турамын. Біздің үйдің жағдайы өте нашар.жартылай құлап тур.


Ибраева Роза Жумагалиевна
17.10.2016 Өте қуаныштымын ауданымыздың сайтына кіріп. Әрі қарай өркендеуіне тілектеспін.


Әсем
17.10.2016 Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай шаралар өткізіледі?


Рахманова Камшат Бейсенбековна
17.10.2016 Баянауыл ұлттық парк туралы материал керек. Қорғалған жұмыстар болса да?


Байгелов Асқар Ерсінұлы
17.10.2016 ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН АУДАНЫМЫЗДЫҢ САЙТЫНА КІРІП ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫНА ТІЛЕКТЕСПІН


Асылхан Ермек
17.10.2016 Негізі Баян елінде туризмді дамытқан жөн сонда елдің әлеуметтік, экономикалық әлуеті артады. Негізі Баянауыл елінің экономикалық жағдайы мәз емес басқа аудандармен салыстырғанда.


Шалабаева Ляззат
17.10.2016 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ландшафты зерттеу жасалуда. Осы мәселе бойынша толығырақ айтсаңыз?


Айбасов Еркін, Астана
17.10.2016 Баянауыл селосы жолдары күрделі жөндеуді талап етеді, кімдер жауапты және не себептен осы халге жеткен? Аудан әкімі осыған неге көңіл бөлмей отыр? Рахмет.


Қаббас Абылай Болатбекұлы
17.10.2016 Майқайыңның архивін сұрауға болады ма?


Мустафина Ақлима
17.10.2016 Бұлттары да сұлу өлкем, комьпютер ғасырының озық құсы Ақбеттің аясына ұзағынан қонғай!


Асқарбек Жақып
17.10.2016 Өткен жылы Баянауылда жас ақын-жазушылардың Республикалық Форумы ұйымдастырылған еді.


Болат
17.10.2016 З.Ақышев атындағы мектеп өте суық, оны жөндеуден өткізу қарастырыла ма?


Баласұғын
17.10.2016 Баянауылдағы Жаяу-Мұса атындағы балалар музыка мектебінде оқитын балаларға жеңілдіктер берілмейді


Закиров Қаршыға Төлегенұлы
17.10.2016 Ауданның дамыу жөнінде қандай жоспарлар бар,Қарағанды-Баянауыл тас жолы қашан жөнделеді?


Закиров Қаршыға Төлегенұлы
17.10.2016 Елімнен алыс жүрсемде елдегі жаңалықтардан ақпарат алғым келеді, Баянауылдағы мектептің құрылысы не болды?




Шалабаева Гульжамиля
17.10.2016 Басқа ауыл аймақтардағыдай Қ.Сәтбаев ауылы әкімі(әкімдігі) жайлы неге толық ақпарат жоқ?


Смагулова Дария Бейбытовна
17.10.2016 Сәлеметсіздерме?! Баянауылда жаңадан орталық емхана ашылды! Өте қуаныштымын!!! орталық емханаға сәтттілік тілеймін!!!


Дария
17.10.2016 Сәлеметсіздер ме?! мен осыдан бір жұма бұрын сіздерге хат жолдаған болатынмын сол хатқа жауапты таппай отырмын!


Аклима
17.10.2016 Мен Қаражар ауылының тұрғынымын. Біздің ауылда, жалпы Баянауыл ауданында жұмыссыз жүрген жастар өте көп!


Айнура
17.10.2016 Баянауыл аудандық білім бөлімінде неге зейнеткерлер отыр


Байғалы Шолпан Байғалықызы
17.10.2016 Құрметті Ернұр Нұрмұханұлы! Менің аты жөнім Шолпан Байғалықызы. Ақын, журналист.Көп жылдар теледидарда, газетте, облыстық әкімдікте қызмет жасадым.


АКИЖАЕВ ЖҰМАГЕЛДІ
17.10.2016 ЖОСАЛЫҒА, ЛЕКЕРГЕ БАРАТЫН ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕМЕ, ҚАШАН, АҚША БӨЛІНДІ МЕ, НЕШЕ ШАҚЫРЫМЫ ЖӨНДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРІ?


Акижаев Жұмагелді
11.10.2016 Жаңа әкім Нұрлан Мұқатайұлына қайырлы болсын айтып, жаңа қызметінде жеміс тілеймін.


А.С.ЖУМАНОВА.
11.10.2016 Маусым айының 20-ы күні Баян төрінде «Жас толқын -2015» атты игі шара өтті. Осы шараны ұйымдастырып отырған аудан әкімшіліг мен білім бөліміне ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.


2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің басқармасының ресми интернет-ресурсы