Саябағында туралы ақпарат

Жарияланған: 16.06.2017


Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Павлодар облысының әкімшілік ауданы аумағында ұлттық паркті құру туралы» ҚРО-ның Министрлер Кеңесінің 1985 жылдың 12 тамызында №276  Қаулысы негізінде құрылды. Ұлттық парктің жалпы аумағы 68452,8 га құрайды, оның ішінде орманмен қамтылған аумағы 13281 га. Ұлттық парктің жедел басқару құзырына аумағы 60 000 га болатын «Қызылтау» қорығы енген, ол жерде сирек кездесетін және Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстары іске асырылады.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үш бөлімшеден тұрады: Баянауыл, Жасыбай, Далба.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің функционалдық аймаққа бөлінуі келесідей көрініске ие:

Қорық режимі аймағы 9079 га;

Экологиялық тұрақтандыру аймағы 4695 га;

Туристік және рекреациялық аймағы 11615 га;

Шектеулі шаруашылық қызмет аймағы 25304 га.

Баянауыл МҰТП паспорты Комитеттің 30.04.2013 жылдың №134 бұйрығымен бекітілген. Баянауыл МҰТП рәміздері (эмблемасы, туы) ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 04.05.2008 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген.

Мекеменің штаттық саны 111 адамды құрайды.

Ахметжанов Суйіндік Бердешұлы 1960 жылы 2 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1977 ж. Баянауыл ауданының Қ.И. Сатпаев атындағы орта мектебін бітірді. Білімі – жоғары. С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін бітірді. Мамандығы – заңгер.

1977-1978жж. – Қ.И. Сатпаев атындағы ауылында қызметкер болып жұмыс істеді.

1978-1989жж. -  «Тендік» кооперативтің мүшесі.

1996-1997жж. – Қ.И. Сатпаев атындағы ауылында қауіпсіздік жөніндегі инженер болып қызмет істеді.

2004-2007жж. – Павлодар облысының Әділет департаментінің жетекші маманы.

2007-2015жж. – Баянауыл ауданы филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директоры.

2016 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі  комитетінің  «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Үйленген, 7 баласы бар.

Директордың орынбасары – Күншуақов Қуандық Владимирович. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы – эколог.

Ғылым жөніндегі директордың орынбасары – Қаерденов Ерғалым Ошақұлы. Білімі – жоғары, Қазақ ұлттық аграрлық университетің бітірді, мамандығы - орман шаруашылығы ісі.

Парк әкімшілігі төрт бөлімге бөлінеді.

Ғылым, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.

Ғылыми зерттеу жұмыстары 07.08.13 ж. № 228 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бекітілген 2013-2017 жж. арналған тақырыптары бойынша жүргізіледі.

Ұлттық парк аумағында жалпы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 13 туристік бағыт бекітілген, оның 11-і 2007 жылы және 2 бағыт ағымдағы жылы бекітілді. Осы бағыттарға баратын жолдар кішігірім жөңдеуден өткізіліп, су ағарларға көпірлер орнатылды  және Қоңырәулие үңгіріне көтерілетін баспалдақты қайта құру жұмыстары басталды. Жасыбай демалыс орнынан Қоңырәулие үңгірі, Сайман тас, Жасыбай батырдың зираты, Кемпіртас, Найзатас, Данатас, Сәкен шыны, Бататас және т.б. сияқты киелі және әсем орындарды қамтиды. Жаңадан әзірленген 2 туристік бағыт бұл: Жасыбай -  Баянауыл және Жасыбай –Қоңырәулие- Біржанкөл көлі-М.Ж.Көпеев кесенесі.

«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясында Баянауыл ауданының 11 орта білім беру мектептері қатысты. БМҰТП-нің қызметкерлері оқушыларға дәріс өткізді. «Құстар күніне», «Жер күніне» арналған  жыл сайынғы іс шаралар өткізіліп, орман алқабында құстарға ұялар орнатылып, мектеп аумақтарында оқушылардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді. «Парктер шеруі – 2016» акциясының жабылуы 20 мамыр күні Ш.Айманов атындағы БОББМ-де концерттік бағдарлама түрінде өтіп,  шараға қатысқан аудандық 11 мектептің оқушылары мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты. Жалпы есеппен сайысқа қатысқандардың барлық саны 106 оқушыны құрады.

Табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімі

Ұлттық табиғи паркінің штаты барлығы  111 адамды құрайды, оның ішінде 102-сі мемлекеттік инспекторлар. Мемлекеттік инспекторлар ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау жұмысымен айналысады. Қазіргі кезде ұлттық паркте өсімдіктердің 552  және жануарлардың 45 түрі бар. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгендер 5 өсімдік, 12 жануарлардың түрі. Өртке қарсы шаралар және биотехникалық жұмыстардың жүргізу үнемі бақылауда.

Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі

Парк бойынша 36 га көлемде 2 жылдық орман екпелері отырғызылды, 55 га көлемде орман екпелерін толықтыру жүргізілді. 297 га көлемде орман екпелерін күту жұмыстары жүргізілді.

Парк бойынша 30 құстың ұялары орманның зиянкестермен зақымдалған орындарына дайындалып орнатылды.

Қаржы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі

Бухгалтерлік есеп ҚР Қаржы Министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің ережелерін бекіту» туралы бұйрығымен жүргізіледі.

Бухгалтерлік баланс ҚР Қаржы Министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпаннан  № 89 бұйрығымен бекітілген мерзімде ұсынылады.

Есеп ҚР Қаржы Министрлігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы  588 «Қаржылық есептің  жасалуы және ұсынуы туралы формасын бекіту» туралы бұйрығымен ұсынылады.

01.09.2016 жылға алғандағы материалды-техникалық қамсыздану бойынша Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Республикалық мемлекеттік мекемесінің техника бірлігінің саны 40  бірлік құрайды. Автокөлік бірлігі орман және өсімдік әлемін қорғау және көріктендіру жұмыстарны жүргізу үшін бекітілген.

Мекен жайымыз: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылы

Тел: 8 (71840)9-15-60, 9-14-19.  bayangnpp@mail.ru

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы