Баянауыл ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы

Жарияланған: 24.01.2017


Ұлттық паркте Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитеті мақұлдаған 13 туристік маршруттар бар. Олардың бағыттарындағы 6 туристік қосымша шағын архитектуралық құрылыстарымен абаттандырылды. Маршруттар бойынша Қоңырәулие маршрутының кірме жолына  ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоңырәулие және Кемпіртас туристік маршруттары бағытында қонақ үй жұмыс істеді. 2016 жылы туристік 2 маршрут  бекітілді, атап айтқанда №12 «Жасыбай - Баянауыл (Жасыбай батыр зираты)» және №13 «Жасыбай-Біржанкөл- Жаңажол-Ескелді (М.Ж. Көпеев кесенесі)» маршруттары.

            Жасыбай демалыс аймағында туристер мен саяхатшыларға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында «Жұлдыз» ЖШС және «Жаңа Баян» ЖШС демалыс үйлерінің құрылыстары атқарылуда,  аяқталу мерзімі 2018 жылға жоспарланып отыр.

            2016 жылы Жаяу Мұса ескерткіші бойында, автожол және жағажай маңайларына  шырша ағаштарын отырғызу бойынша жұмыс жүргізілді. Жаяу Мұса ескерткіш маңайына гүлдер отырғызылды. Автокөлік құралдарының жүріп өтуіне орталық автожол қиылысы кеңейтілді. Абаттандыру жұмыстары бойынша сенбіліктер өткізілді (бордюрлер әктеліп, жағажайда киім ауыстыруға арналған кабиналар , дүкендер, баспалдақтар мен күркелер сырланды). Жаяу жүргінші туристер үшін серпантин бойындағы баспалдақтар мен күркелерге қайта құру жұмыстары жүргізілді. БМҰТП Баянауыл және Жасыбай территориялары аумағында үш тілде демалыс орындарын қоқыстамау және отқа тыйым салу туралы жаңа ескертулер (қазақша, орысша, ағылшынша), «Табиғатты сақтайық» «Өрт қауіпсіздігі туралы», «ЭКСПО-2017» тақырыптарындағы билбордтар  орнатылды.

Демалушыларды қабылдау үшін 2016 жылы 39 демалыс үйлері және 2 балалар сауықтыру орталығы, сондай-ақ 25 уақытша қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істеді.

            2016 жылы Жасыбай демалыс аймағының орталық жағажай аумағында 30 саңырауқұлақтар, орындықтармен және 65 қоқыс салуға арналған жәшіктермен  абаттандырылды. Демалушылар үшін 25 қайық, 35 катамаран жалға берілді. Жасыбай демалыс аймағының орталығында ақпараттық орталық, медициналық пункт, жолаушылар билеттерін сатып алуға арналған касса қызмет көрсетті. Демалыс аймағын бөлектеу жарықтандыру үшін 35 көше шамдары жұмыс істеді. 150 орынға арналға арналған палаткалы лагерь мен 5 киіз үйі бар этноауыл демалушыларға қызметтерін көрсетті. Қосымша қоқысқа арналған 20 контейнерлер орнатылды. Жасыбай демалыс аймағында жалпы соммасы 510,0 мың теңгеге тереңдігі 30 метр су скважинасы қазылып, үш тілдегі туристік маршруттар белгілері әзірленді. 2016 жылы Баянауыл туристік аймағында демалушыларды орналастыру орындары 34 бірлік, оның ішінде бөлмелер саны 1246 бірлік. Және көрсетілген қызметтер көлемі 376806,4 мың. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 23,4 пайызға артты. БМҰТП ақпараты бойынша 2016 жылы ұлттық парк территориясын барлығы 153778 демалушы аралады. 118412 демалушылар орналастыру орындары қызметін пайдаланбаған. 

Мақсат: Ауданның туритсік танымалдық брендін арттыру және ішкі туризмді дамыту. 

Нысаналы индекаторлар Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл Жауаптылар Ақпарат көздері
Жоспар Нақты Жоспар Бағалау жоспар жоспар жоспар жоспар    
1 2 3 4 5 6   7 8 9 10 11 12
1 Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) %   121,5   124,6   100,0   139,2   140,0   142,0   144,0   146,0 Баянауыл аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі,БМҰТП Статистикалық мәлімет
2 Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) % - - -   - - - - Баянауыл аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі,БМҰТП Статистикалық мәлімет
3 Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі % 103,4 104,6 102,0 114,2 115,0 120,0 125,0 130,0 Баянауыл аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі,БМҰТП Статистикалық мәлімет

  Қол жеткізу жолдары:            

Мастер планға сәйкес Баянауыл ұлттық табиғи паркінің имиджін құру және облыстың 2015- 2020 жылдарға арналған туристік кластерін дамыту;

-         БМҰТП бас жоспарына өзгерістер енгізу;

-         Жасыбай, сабындыкөл, Торайғыр көлдері жағажайларын абаттандыру;

-         Баянауыл ауылына абаттандыру жұмыстарын жүргізу (бұлақтар мен парктерді абаттандыру, ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын құру)

-         Торайғыр ауылын абаттандыру (көше спорт алаңдары, жарықтандыру, С. Торайғыров кесенесін абаттандыру);

-         Жасыбай демалыс аймағында тау-шаңғы спорты базасының құрылысы;

-         Баянауыл ауылында туристік ақпараттық орталығының құрылысы;

-         LED экрандар мен билбордтар орнату;

-         Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдеріне пирстар салу;

-         Жаңа туристік маршруттарды еңгізу;

-         Баянауыл туристік орталығы туралы интернет сайтын құру;

-         Демалыс орындары санын арттыру;

-         Этнографиялық туризмді дамыту;

-         Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;

-         Жасыбай-Торайғыр автожолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-         Жасыбай демалыс аймағы мен Факел демалыс үйі аралығына электр жүйесін тарту;

-         Баянауыл туристік орталығының инвестициялық жобаларына инвесторларды тарту.    

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы