2016 жылғы үшінші тоқсанының қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Баянауыл ауданы әкімдігінің қызметінің есебі

Қазақстан Республикасының

                                                                      Мемлекеттік қызмет істері

                                                                     министрлігінің Павлодар облысы

                                                                       бойынша департаментіне

 

2016 жылғы үшінші тоқсанының қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Баянауыл ауданы әкімдігінің қызметінің есебі.

Баянауыл ауданы әкімдігі – аудан әкімімен басшылық ететін, Баянауыл ауданы аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды өзінің құзіреті шегінде жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Баянауыл ауданы әкімінің құрамына 12 жеке бөлім кіреді, 10 бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуде, 13 ауылдық округ әкімдерінің аппараты және әкім аппаратының 1 кенті кіреді.

        Аудан әкімдігімен халыққа мемлекеттік қызметтің 66 түрі көрсетіледі. 2016 жылдың екінші тоқсанның қортындысы бойынша  Баянауыл ауданы жергілікті мемлекеттік органдармен заңды және жеке тұлғаларға 17243 мемлекеттік қызмет, соның ішінде ХҚКО арқылы 13487, мемлекеттік органдарда (ведомстваға бағынысты ұйымдарда)  3756 қызмет көрсетілді. 2016 жылдың үшінші тоқсанының қортындысы бойынша мемлекеттік   қызметшілердің   салғырттығынан   немесе  жауапсыздығынан  мемлекеттік  қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, үшінші тоқсан бойынша ауданның 3 мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жүргізілді. Ағымдағы жылдың шілде айының 21 күні «Баянауыл ауданының ветеренария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мекемедегі стендтарда мемелекеттік қызмет көрсету стандарттары соңғы редакциясына орай жаңартылмағаны және өтініштерді қабылдау уақыты көрсетілмегені анықталды. Аталған кемшіліктерді жою үшін «Баянауыл ауданының ветеренария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 3 күн уақыт беріліп, көрсетілген уақытта кемшіліктер жойылды. Тамыз айының 22 күні Баянауыл ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мемелекеттік қызмет көрсету стандарттары соңғы редакциясына орай жаңартығаны және өтініштерді қабылдау уақыты бойынша кемшіліктер анықталған жоқ. Өтініш білдіруші азаматтарға арнаулы күту орындар қарастырылған. Бөлімнің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ауданның  қарт адамдарына  регламенке сәйкес 4 сағаттан аптасына 2 рет көрсетілуде. Қыркүйек айының 15 күні Баянауыл ауданының «Жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізілді. Аталған бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылуы анықталған жоқ. Мемелекеттік қызмет көрсету стандарттары соңғы редакциясына орай жаңартыған және өтініштерді қабылдау уақыты көрсетілген. Өтініш білдіруші азаматтарға арнаулы күту орындар қарастырылған. Бөлімде аудан тұрғындарына Жер заңнамасы мәселесі бойынша ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Call-center» орталығы жұмыс жасауда.  

 

Баянауыл ауданы әкімі аппаратының

                      басшысы                                                                    К. Абылгазин

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы