Баянауыл ауданының 2016 жылдың 1 сәуірге әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 27.09.2016


Баянауыл ауданының 2016  жылдың 1 сәуірге әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

1. Жалпы ақпарат.

Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га. Аудан аумағында көлемі 68,4 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Баянауыл ауданының қарамағында 13 ауылдық округ, 1 кент бар, ауданның құрамына 39 ауылдық елді мекен кіреді. Аудан орталығы - Баянауыл ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық  230 шақырымды құрайды.

 

Бюджет.

Баянауыл ауданының бюджеті  негізінен  бюджеттік әкімшілендірудің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің барынша  ұлғаюымен сипатталады. 2016 жылғы 1 сәуірге  аудан бюджетінің бекітілген кірістер жоспары 1036,4 млн. теңге. Орындалу – 1088,8 млн. теңге немесе 105,0%. Бюджетке меншікті салықтар мен басқа да міндетті  төлемдердің түсуінен  194,7 млн. теңгені құрады, орындалу – 276,7 млн. теңге немесе 142,1%.

Шығыстар көлемінің жоспары – 1040,1 млн. теңге, орындалу   1018,8 млн. теңге немесе 98,0%.

 

Өнеркәсіп

Ауданда 3 ірі шаруашылық нысаны жұмыс атқарады: «Майкубен-Вест» ЖШС, мемлекеттің қатысуымен «Майкаин-золото» АҚ, «Керегетас» кеніші. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорындардың басымдығы аудан экспортының ресурстық-шикізат бағытын белгілейді. 2016 жылдың қаңтар-наурыз  айында өнеркәсіп кәсіпорындары  жалпы сомасы 3793,3 млн.теңге көлемінде өнім шығарған, нақты көлем көрсеткіші 111,4 %-ды құрады.

 

Инвестиция

Инвестиция көлемі бойынша аудан сегізінші орында. Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуірге есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 159,2 млн. теңге немесе 37,3%.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 20,0 млн. теңге немесе өткен жылғы тиісті кезеңге – 32,7%, соның ішінде  99,2% жеке меншікте.

 

Кәсіпкерлік

Қазіргі кезде шағын және орта бизнестің бірыңғай ақпараттық деректер негізі көрсетілген, өз кәсібін ашқысы келетін және барлық кәсіпкерлер туралы ақпараттар жиналған 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленген.

Ауданда шағын және орта қәсіпкерлік субъектілеріне үнемі қолдау көрсетілуде, тұрғындар арасында бизнесті жүргізудің басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Ауданда кәсіпкерлермен мақсатты жұмыс істеу үшін  координациялық кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде. Кеңесте жаңа бизнес ойлар мен жобалар қарастырылады,  кәсіпкерлердің сұрақтары және мәселелері шешілуде.

2015 жылғы 1 наурыз жағдайына Баянауыл ауданы бойынша орта және кіші бизнестің 1565 субъектісі бар (жұмыс істейтіндер 1415), оның ішінде 79 (жұмыс істейтін - 47) орта және кіші заңды тұлға, 430 (жұмыс істейтін - 416) шаруа қожалығы, 1056  (жұмыс істейтін - 952)  жеке кәсіпкерлік. Осы аталмыш нысандарды 1958 адам жұмыс атқарады.

 

Ауыл шаруашылығы

2016 жылдың 1 сәуірге ауданда 62459 бас ірі қара мал (101,3%), оның ішінде 29920 сиыр (108,7%), қой мен ешкі 122590 (100,1%), жылқы 22648 (105,2%), 57 шошқа (121,3%)  және 20795 (100,1%) құс бар. Өндірілген өнім көлемі: ет, тірі салмақта 1448,4 тонн (104,3%), сүт 4599,9  тонн (103,0%), жұмыртқа 279,1  мың (100,0%) дана. Ауыл шаруашылығы өнімі 2016 жылдың 1 сәуірге 1238,0  млн.теңгеге өндірілді немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3% құрады.

Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен 7 шаруашылық айналысады, олар: «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалықтары «Оразбек», «Қайрбек», «Әнет», «Айша»,«Отан», «Шаихова»   шаруа қожалықтары.

ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында «МТС Жайма» ЖШС 2010 жылдан бастап «7000 бас қазақ ақбас тұқымды ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналық мал басын бірге ұстау үшін дамыған инфрақұрылымымен малшаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде шаруашылықта 3115 бас  асыл тұқымды ірі қара мал бар, оның 1032 қазақтың ақ бас сиыры, 1155 ангус, 928 герефорд.

Жаңажол ауылдық округінде «Bayanaul Agro» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылып, «Жылына  125 тонна ет өндіретін инфрақұрылымы дамыған мал  шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасымен жұмыс  жүргізуде. Жер көлемі-21615 га (жайылым және егістік), мерзімі 2011-2017, жобаның құны 237,0 млн.теңге, оның 87% өз қаржысы,13% лизингтік және несиелік қаржы. Мал басы:  ірі қара - 234, жылқы – 400. Жұмыс істейтін адам саны-15.

Торайғыр ауылдық округінде «Сары жайлау Капитал» ЖШС-нің мал   шаруашылығы кешенін құру жоспарлануда,  мерзімі 2013-2017 жыл, құны 50,0 млн.тенге, жобаның қуаты - 120 тонна ет өндеу. Қазіргі кезде шаруашылықта 150 жылқы,155 қара мал бар.

«Шайхова Г.К.» фермерлік шаруашылығы 2014 жылы өз қаржысына 500-ден астам ірі қара мал сатып әкелді. Жаңадан екі баз салып, жұмыскерлерді тұрғын үй, монша, қажетті инфрақұрылыммен  қамтамасыз етуде.

«Артези»  ЖШС-і 2015-2016 жылдарға арналған «Минералды су өндіру және құю» инвестициялық жобамен жұмыс жүргізуде. Жоба құны - 150,0 млн.теңге, қуаты сағатына 4 литр, ашылатын жұмыс орны 15 адам.

 

Жер қатынастары

Ауданның жер қоры 1850,7 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығының пайдалы жерлері 1696,9 мың га, оның ішінде егістік – 47,7 мың га құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы  – 68,4 мың га құрайды.

Аудан бойынша жалпы жер телімі пайдаланушылар саны 455, оның ішінде: 449 шаруа мен жеке жер пайдаланушылар, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 өндірістік кооператив.

 

Әлеуметтік сала

Білім беру.

2015-2016 оқу жылының басында ауданның білім саласы мекемелерінің контингенті 42. Оның ішінде жалпы бастауыш мектептері 8, Жалпы негізгі мектептері 3, жалпы орта білім беретін мектептер саны 21.

2015-2016 оқу жылының 1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы оқушылар саны 4740. Оның ішінде 502 мектепалды даярлық тобы. Биыл 1 сынып коррекциялық сыныбы ашылды. Ондағы бала саны 13.

Ыстық тамақпен 3761 бала қамтылды. Оның ішінде тегін ыстық тамақпен 1734 бала қамтылып отыр.

Ауданда 7 балабақша, 16 шағын орталық  және 2 мектеп балабақша оқу-тәрбие кешені бар. 1-6 жас арасындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 90,8 пайыз.

1-6 жас аралығында – 90,8 %

2-6 жас аралығында – 98,5 %

3-6 жаса аралығында – 100 % құрады.

Аудан бойынша барлығы 775 педагог бар. Оның ішінде жоғары санатты - 115, бірінші санатты - 300, екінші санатты - 204 және санатсыз - 156. Педагогтардың сапалық құрамы лицензиялық талаптарға сай.

2015 жылғы 4 маусымда өткен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 79,6. Аудан бойынша ғаламтор жүйесіне қосылған мектептердің саны – 94 % құрап,  31 мектеп ғаламтор жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта аудан мектептері  659 компьютермен жабдықталған, бір компьютерге келетін бала 6,5 - ке жетті.

 

Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау.

2016 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 633 жаңа жұмыс орындарын ашу  жоспарланған, оның ішінде 140 тұрақты және 493 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  2016 жылдың 1 сәуірге 74 жаңа  тұрақты жұмыс  орындары ашылды.

2016 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес 250 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарлануда.  2016 жылдың 1 сәуірге 56  жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды.  Игерілген сомма  3850,0 мың тенге.  2016 жылы бағдарламаға сәйкес 50 әлеуметтік жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

2016 жылдың 1 сәуірге аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен  4 отбасындағы  11 адамға 190,3 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар 111 отбасындағы 339 балаға 2196,0 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 25992,0 мың теңге қаралды. 2016 жылдың  1  сәуірге онкологиялық аурумен ауыратын 32 адамға 678,8 мың теңге, туберкулезбен ауыратын  12 адамға 216,4  мың теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Аудан әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын жетім, аз қамтамасыз етілген отбасындағы  14 балаға оқуы және шәкірт ақысына  594,3  мың теңге төленді.

Баянауыл ауданы бойынша 837  мүгедек бар, соның ішінде 76  1 топ, 355 -2 топ, 332  3 топ мүгедектері, 74  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар.

2016 жылдың  1 сәуірге ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне дәрі-дәрмек сатып алуға 2 адамға  2 АЕК мөлшерінде  16,9 мың тенге сомада ай-сайынғы материалдық көмек төленді. Ауған соғысына қатысқандар денсаулығын жақсартуға 15 адамға 2 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 127,3 мың теңге тоқсан сайынғы материалдық көмек көрсетілді; ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқан тұлғалар денсаулығын жақсартуға 2 адамға  2 АЕК мөлшерінде  16,9 мың теңге сомада ай сайынғы материалдық көмек көрсетілді;  Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 119 жалғызілікті және жалғыз тұратын жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлер мен 14 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі.

ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 2 адамға жалпы сомасы  42,4 мың теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 19 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 242,0 мың теңге   тоқсан сайынғы  материалдық көмек берілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» Ауданда 7 жоба іске асырылады:

-          Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-не жылы дәретхана жасау.

-          Бірлік  ЖОББМ-не жылы дәретхана жасау.

-          Қаратомар ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

-          «Жаңатілек ауылдық  клубына» МКҚК ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

-          Жаңажол ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

-          Торайғыр ауылының С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу.

-          Жаңатілек ауылының Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ-нің қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Жоспар бойынша 39 адам уақытша жұмысқа жолданады.

«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты бойынша 30 адамға 50 млн теңге шағын несие беру жоспарлануда. Жаңадан 55 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»:

Кәсіптік  оқытуға 20 адамға жалпы сомасы 4032,0 мың теңге (қайта даярлау - 15 адам жалпы сомасы 3221,0 мың теңге, біліктілігін  арттыру – 5 адамға жалпы сомасы 811,0 мың теңге). Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адамға жалпы сомасы 6409,0 мың теңге бөлінген, игерілген қаражат 100%. Жастар тәжірибесіне 15 адамға жалпы сомасы 3446,0 мың теңге бөлінген, ағымдағы жылдың шілде айынан басталады.

 

Денсаулық сақтау

Ауданда 47 орынды аудандық аурухана, 30 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 13 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 3 ФАП, 6 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 20 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 5 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады. Сонымен қатар 6 жеке меншік дәріхана бар.

2016 жылдың сәуір айы бойынша:

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны – 2 адам

Онко ауруымен ауыратындар саны –8 адам

Сәби өлімі – 0

Ана өлімі – 0

2016 жылда алдын-алу байқауынан  7760 балалар  мен   11271 ересек  адамдар өттікізуге жоспарлануда. Ағымдағы жылдын 1 сәуірінде 6147 бала және 4346 ересек адам байқауынан өтті.

 

Мәдениет

Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің  22 мәдениет үйі, 37 ауылдық кітапханалар бар, 2016 жылдың  сәуір айының 1 жұлдызына дейін  айына аудандық кітапханалардың кітап қоры 196762 дананы құрайды, 327 іс-шара өткізіліп, 4704 адамды қамтыды.

2016 жылдың 1 сәуіріне дейін  аудандық мәдениет мекемеде 16 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермендер саны 1923 адамды құрады.

«Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2016 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспары» бойынша 20 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер ағылшын тілінің бастапқы деңгейі бойынша оқытылуда.

 

Спорт

Ауданда дене тәрбиесі және спортты дамыту жұмысы дене шынықтырудың 41 ұжымында үйлестірілген. Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданатындар саны 7672 адамды құрап жалпы аудан тұрғындары санының 28,4 пайызын құрайды. Ауданның дене тәрбиесі және спорт бөліміне қарасты 1 бірлік Баянауыл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі халыққа қызметін көрсетеді. Аталған спорт мектебінде және филиалдарында 1043 оқушы тұрақты түрде спортпен шұғылданады (аудан бойынша оқушылардың жалпы санынан 24,6%).

Аудандық деңгейде барлығы 61 спорттық іс-шаралар өткізіліп 1976 адам қатысты. Ағымдағы жылғы 13 ақпанда Баянауыл ауылында Майқайың кенті мен ауылдық округтер арасындағы спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша XIX аудандық кешенді спартакиадасының қысқы президенттік көпсайыстан жарысы өтті. Аудан құрама командасының облыстық жарыстарға қатысу үшін 1429,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.  Қысқы XIХ облыстық спартакиадасында аудан құрамасы 6 орынды иеленді. Аудан құрама командасы облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі барлығы  15-тен аса турнирлер мен спартакиадаларға 95 адам қатысты. Оның ішінде 8 алтын, 10 күміс және 19 қола медальдарін жеңіп алды.

 

Басқалар

2016 аудан бюджетінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы, жазғы уақытта қалыпты жағдайда үстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен  39263,0 мың тенге бөлініп 16652,0  мың теңгесі игерілді.

«Қарашат-Жаңа Жайма» автомобиль жолының 18 шақырым бөлігінің орташа жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжатын әзірлеуге 600,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Баянаул ауданы бойынша барлығы 6 су құбыры (Жуантөбе, Қаратомар, Күркелі, Ұзынбұлақ, Ақсан ауылдарында және Майқайың кентінде), 9 КБМ (Ақсан, Ақши (Ұзынбұлақ ауылдық округі), Баянауыл, Бірлік, Жаңатілек, Құндыкөл, Қараащы, Сұлужон, ЦЭС ауылдарында), 9 скважина (Ақмектеп, Александровка, Қойтас, Жалғызқайың, Лекер, Жарылғап, Торайғыр, Шоман (2012 жылы су тазартқыш құралы құрылды), Баянауыл, ауылдарында) жұмыс істейді. 5 су құбыры мен  9 КБМ және 9 скважинаны үстау, ағымдық  жөндеу жұмыстарын  «Серпіліс» МККМ атқарады. Аудан бойынша халықтың орталықтырған сумен жабдықтауға  қол жеткізу деңгейі 43,3 %.

Баянауыл ауданының әкімдігінің  2015 жылғы 21 қыркүйекте № 247/9 қаулысымен  Майқайың кентінде орналасқан «Майкаинзолото» АҚ-ның баланысындағы жылу жүйесі Баянауыл аудандық коммуналдық меншігіне қабылданып,  Баянауыл ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жұргізу құқығындағы "Серпіліс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының баланысына тапсырылды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы