Введите ваш запрос для начала поиска.

Баянауыл ауданының 2016 жылдың 1 қаңтарға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 27.09.2016


Баянауыл ауданының

2015  жылдың 1 қаңтарға

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

Жалпы ақпарат.

 

Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га. Аудан аумағында көлемі 68,4 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Баянауыл ауданының қарамағында 13 ауылдық округ, 1 кент бар, ауданның құрамына 39 ауылдық елді мекен кіреді. Аудан орталығы - Баянауыл ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық  230 шақырымды құрайды.

Аудан халқының саны 2015  жылдың 1 желтоқсанға (статистикалық мәлімет) – 26,9  (01.11.2014 ж. – 27,4) мың адамды құрады. 2015 жылдың қаңтар-қараша  айында аудан бойынша 449  бала дүниеге келген (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 491), тіркелген өлім саны 173  (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 206) адамды құрады. Халықтың табиғи өсуі 276 (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 285) адам.

 

Бюджет.

Баянауыл ауданының бюджеті  негізінен  бюджеттік әкімшілендірудің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің барынша  ұлғаюымен сипатталады. 2016 жылғы 1 қаңтарға  аудан бюджетінің бекітілген кірістер жоспары 4301677,3 мың теңге. Орындалу – 4202138,7 мың теңге немесе 97,7%. Бюджетке меншікті салықтар мен басқа да міндетті  төлемдердің түсуінен  1070303,0 мың теңгені құрады, орындалу – 1012368,0 мың теңге немесе 94,2%.

Шығыстар көлемінің жоспары – 4299398,3 мың теңге, орындалу   4199816,5 мың теңге немесе 97,7%. Ауданның бюджет саясаты алған барлық міндеттемелерін  толық және уақтылы жүзеге асыру үшін  қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталды, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда аудан халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін  іс-шараларға бағытталған.

 

Өнеркәсіп

Ауданда 3 ірі шаруашылық нысаны жұмыс атқарады: «Майкубен-Вест» ЖШС, мемлекеттің қатысуымен «Майкаин-золото» АҚ, «Керегетас» кеніші. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорындардың басымдығы аудан экспортының ресурстық-шикізат бағытын белгілейді. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан  айында өнеркәсіп кәсіпорындары  жалпы сомасы 13014,1 млн.теңге көлемінде өнім шығарған, нақты көлем көрсеткіші 80,9 %-ды құрады.

2015 жылдың қаңтар - желтоқсан айына көмір өндіру – 3101,8 мың тонна немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,0% құрады. Ауданының өнеркәсіп саласы өндіру көлемі төмендегенге қарамастан кен өнеркәсібі бірінші орында және салыстырмалы салмақтың 72,3% құрайды.

 

Инвестиция

Инвестиция көлемі бойынша аудан сегізінші орында. Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарға есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 2929,3  млн. теңге, яғни бюджеттік қаражаттың бөлінген 1 теңгесіне 2,4 жеке меншік инвестиция келеді. Ірі инвестициялар әр түрлі сипатталады: «Майқайыңалтын» АҚ бойынша Солтүстік-Шығыс қапталына күрделі жөндеу жұмысы, «Майкубен –Вест» ЖШС бойынша №9 тиеу темір жолына құрылыс-жөндеу жұмыстары, «Угольная бекетіне күрделі жөндеу жұмысы, негізгі қаражатты алу.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 1416,5 млн. теңге немесе өткен жылғы тиісті кезеңге – 88,1%, соның ішінде: мемлекеттік меншік – 156,5 млн. теңге,  жеке меншік – 1256,2 млн. теңге және шетел меншігі – 3,7 млн. теңге. Ерекше үлкен көлемдегі құрылыс-жөндеу жұмыстары: "Астана қала құрылыс",  "Алем-Базис НС" ЖШС, "Богатырь Комир" ЖШС – «Жасыбай» демалыс аймағында қонақ үй салу; «Майқайыңалтын» АҚ бойынша Солтүстік-Шығыс қапталына күрделі жөндеу жұмысы; РМҚ "Казахавтодор", "ПКФ Гордорстрой" ЖШС,  "Вершина" ЖШС –автокөлік жолдарын күту және жөндеу жұмыстары.

 

Кәсіпкерлік

Қазіргі кезде шағын және орта бизнестің бірыңғай ақпараттық деректер негізі көрсетілген, өз кәсібін ашқысы келетін және барлық кәсіпкерлер туралы ақпараттар жиналған 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленген.

Ауданда шағын және орта қәсіпкерлік субъектілеріне үнемі қолдау көрсетілуде, тұрғындар арасында бизнесті жүргізудің басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Ауданда кәсіпкерлермен мақсатты жұмыс істеу үшін  координациялық кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде. Кеңесте жаңа бизнес ойлар мен жобалар қарастырылады,  кәсіпкерлердің сұрақтары және мәселелері шешілуде.

2015 жылғы 1 желтоқсан жағдайына Баянауыл ауданы бойынша орта және кіші бизнестің 1464  субъектісі бар (жұмыс істейтіндер 1303), оның ішінде 77 (жұмыс істейтін - 45) орта және кіші заңды тұлға, 429 (жұмыс істейтін - 416) шаруа қожалығы, 958  (жұмыс істейтін - 842)  жеке кәсіпкерлік. Осы аталмыш нысандарды 1958 адам жұмыс атқарады.

 

Ауыл шаруашылығы

2015 жылдың 1 қаңтарға ауданда 55388 бас ірі қара мал (97,1%), оның ішінде 32091 сиыр (124,5%), қой мен ешкі 76647 (75,0%), жылқы 21799 (95,7%), 11 шошқа (40,7%)  және 20405 (98,2%) құс бар. Өндірілген өнім көлемі: ет, тірі салмақта 11648,7  тонн (121,9%), сүт 35930,9  тонн (100,7%), жұмыртқа  2602,3  мың (107,6%) дана. Ауыл шаруашылығы өнімі 2015 жылдың 1 қаңтарға 8184,7 млн.теңгеге өндірілді немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,2% құрады.

Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен 7 шаруашылық айналысады, олар: «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалықтары «Оразбек», «Қайрбек», «Әнет», «Айша»,«Отан», «Шаихова»   шаруа қожалықтары.

ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында «МТС Жайма» ЖШС 2010 жылдан бастап «7000 бас қазақ ақбас тұқымды ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналық мал басын бірге ұстау үшін дамыған инфрақұрылымымен малшаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде шаруашылықта 3115 бас  асыл тұқымды ірі қара мал бар, оның 1032 қазақтың ақ бас сиыры, 1155 ангус, 928 герефорд.

Жаңажол ауылдық округінде «Bayanaul Agro» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылып, «Жылына  125 тонна ет өндіретін инфрақұрылымы дамыған мал  шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасымен жұмыс  жүргізуде. Жер көлемі-21615 га (жайылым және егістік), мерзімі 2011-2017, жобаның құны 237,0 млн.теңге, оның 87% өз қаржысы,13% лизингтік және несиелік қаржы. Мал басы:  ірі қара - 234, жылқы – 400. Жұмыс істейтін адам саны-15.

Торайғыр ауылдық округінде «Сары жайлау Капитал» ЖШС-нің мал   шаруашылығы кешенін құру жоспарлануда,  мерзімі 2013-2017 жыл, құны 50,0 млн.тенге, жобаның қуаты - 120 тонна ет өндеу. Қазіргі кезде шаруашылықта 150 жылқы,155 қара мал бар.

«Шайхова Г.К.» фермерлік шаруашылығы 2014 жылы өз қаржысына 500-ден астам ірі қара мал сатып әкелді. Жаңадан екі баз салып, жұмыскерлерді тұрғын үй, монша, қажетті инфрақұрылыммен  қамтамасыз етуде.

«Артези»  ЖШС-і 2015-2016 жылдарға арналған «Минералды су өндіру және құю» инвестициялық жобамен жұмыс жүргізуде. Жоба құны - 150,0 млн.теңге, қуаты сағатына 4 литр, ашылатын жұмыс орны 15 адам.

Аудан бойынша 6 шаруа қожалығы: «Баянауыл-Агро», «Ынтымақ»,  «Нұрлан», «Баянсұлу», «Мадияр»  және «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егін  шаруашылығымен айналысады. Жалпы егіс алқабы 2750 гектарды құрады, оның ішіңде 80 бидай, 1100 арпа, 510 сұлы, бір жылдық шөп қөлемі 700 , көп жылдық шөп - 360 гектар. Бұрыннан көп жылдық ескі шөп көлемі  17100 га, картоп пен көкөніс жеке аулаларда, көлемі 240 га.

Егін салған 6 шаруа қожалығына 7 664,0 мың теңге демеуқаржы төленді. 2015-2016 жылға қыстаққа, 371430 гектар жерден 130,0 мың  тонна, шөп, 2450 тонн сүрлем, 1280 тонна жемазық дайындалды.

Жер қатынастары

Ауданның жер қоры 1850,7 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығының пайдалы жерлері 1696,9 мың га, оның ішінде егістік – 47,7 мың га құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы  – 68,4 мың га құрайды.

Аудан бойынша жалпы жер телімі пайдаланушылар саны 455, оның ішінде: 449 шаруа мен жеке жер пайдаланушылар, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 өндірістік кооператив.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру үшін 2015 жылы 2 конкурс өткізіліп 47 жер телімі, 94 057 га жайылым, 1330 га егістік көлемінде ауылшаруашылығы мақсатына пайдалануға берілді. Сонымен қоса аудан бойынша үстіміздегі жылы шалғайдағы мал шаруашылығы және жеке ауласын ұстау үшін барлығы  28 жер телімі, 22 326 га жер телімдері конкурстан тыс берілді.

Аудан бойынша жер телімдерінен бюджетке түскен кіріс қаражат 39,0 млн. теңге: оның ішінде жалдау келісім шартты бойынша 35,9 млн.теңге,  сату бойынша 2,9 млн. теңге,  жалдау құқығын сату бойынша  0,2 млн. теңге.

Әлеуметтік сала

Білім беру.

Ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 1 жастан 6 жасқа дейін - 1658-сі немесе 90,8%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 914 бала 100% құрайды. Бұл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесі қолданылады. 2015 жылғы облыстық сайыстың қорытындысы бойынша «Балапан» бала-бақшасы «Облыстың Үздік бала-бақша», Шөптікөл ЖОББМ-нің шағыр орталығы «Облыстың Үздік шағын-орталығы» сайыстарының жеңімпазы аталды.

Аудандағы білім беру ұйымдарын оңтайландыруға байланысты аудан орталығындағы Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия-мектебі мен Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты біріктіріліп, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты (гимназия сыныптарымен) деген атаумен іске қосылды.

Бағдарлама бойынша 2015 жылдан бастап 12-жылдық білім беру моделіне көшу жоспарланған. Биыл апробацияны республиканың 30 мектебі, облыстың 2 мектебі бар. Оның біреуі – облыстағы ауыл мектептері ішінен жалғыз №1 Майқайың ЖОББМ.

Облыстық білім беру басқармасының рейтингісі сәйкес М.Ж.Көпеев атындағы мектебі 95,5 орташа ұпаймен ауыл мектептері арасында Павлодар облысы бойынша 1 орынды иеленіп отыр. 2015 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа ұпай бойынша 79,6 ұпайды құрады. Нәтижесінде ауданымыз аудандар арасында 2-ші орын, қалалар мен аудандар арасында 4-ші орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы бойынша 4 «Алтын белгі» иегері, 2 ерекше үлгідегі аттестат иегері өз білімдерін дәлелдеді.

«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша №2 Майқайың мектебінің терезелері мен есіктері 25,2 млн. теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өткізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 21,6 млн.теңге бөлініп, бес мектептердің қазандықтары жөндеу жұмыстарынан өтті. Шоптікөл мектебінде жылы дәретхана орналастырылды.

Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау.

2015 жылы ауданның экономикалық салаларында бағдарлама бойынша 630 жаңа жұмыс орындарын ашу  жоспарланған, оның ішінде 140 тұрақты және 490 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  2016 жылдың 1 қантарға 648 жаңа жұмыс  орындары ашылды,  оның ішінде 153 жаңа тұрақты және 495 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.

2015 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес 300  жұмыссызды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарланған,  317  жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды, игерілген сомма  22238,0 мың тенге.  2015 жылы бағдарламаға сәйкес 50 әлеуметтік жұмыс орындары ашылуы жоспарланған, 57 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды,  игерілген сомма  7003,0 мың тенге.

2015 жылы аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен  10 отбасындағы  44 адамға 953,0 мың теңге және 18 жасқа дейінгі балалары бар 163 отбасындағы 471 балаға 7778,4 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 38163,0 мың теңге қаралды. 2016 жылдың  1  қантарға онкологиялық аурумен ауыратын 71 адамға 1466,6 мың теңге, туберкулезбен ауыратын  32адамға 1780,3  мың теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Аудан әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын жетім, аз қамтамасыз етілген отбасындағы  16 балаға оқуы және шәкірт ақысына  9882,6  мың теңге төленді.

Баянауыл ауданы бойынша 843  мүгедек бар, соның ішінде 75  1 топ, 362 -2 топ, 333  3 топ мүгедектері, 73  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар .

Мүгідіктер күніне 1-2 топ мүгідектерге және 16 жасқа дейінгі мүгідек балаларға бір реттік әлеуметтік көмек 464 мүгедеке жалпы соммасы 2114,9 тенге төленді.

Денсаулық сақтау

Ауданда 57 орынды аудандық аурухана, 30 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 13 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 3 ФАП, 6 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 20 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады. Сонымен қатар 6 жеке меншік дәріхана бар. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Торайғыр аулдағы дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша:

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны – 14 адам

Онко ауруымен ауыратындар саны –49 адам

Сәби өлімі – 2

Ана өлімі – 1

2015 жылы алдын-алу байқауынан 7874 балалар мен   10022 ересек  адамдар өттікізуге жоспарлануда. Ағымдағы жылда 7874 бала және 11577 ересек адам байқауынан өтті.

Мәдениет

Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің  22 мәдениет үйі, 37 ауылдық кітапханалар бар, 2015 жылдың  желтоқсан  айына дейін аудандық кітапханалардың кітап қоры 196762 дананы құрайды, 12174 оқырмандарға қызмет көрсетілді.

2015 жылы аудандық мәдениет мекемелерінде 858 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермендер саны 67856 адамды құрады. Атап айтқанда «Сағындырған әндер-ай» концерттік бағдарламасы мен аудандық , облыстық «Наурыз аруы» байқаулары. Облыстық «Наурыз аруы » байқауында жерлесіміз Жаңатілек ауылының аруы Майбасова Мөлдір бас жүлдеге ие болды. Атап айтқанда қараша айында аудан көркемөнерпаздары тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясы Новосібір облысына концерттік бағдарламамен барып қайтты. Аудан орталығында Баянауылдық жерлесіміз кинорежиссер, халық әртісі Ш.Аймановтың ескерткіші ашылды.

«Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2015 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспары» бойынша 36 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер мемлекеттік тілге оқытылып және 25 ағылшын тілінің бастапқы деңгейі бойынша оқытылды.

Спорт

Ауданда дене тәрбиесі және спортты дамыту жұмысы дене шынықтырудың 41 ұжымында үйлестірілген. Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданатындар саны 7672 адамды құрап жалпы аудан тұрғындары санының 28,4 пайызын құрайды. Ауданның дене тәрбиесі және спорт бөліміне қарасты 1 бірлік Баянауыл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі халыққа қызметін көрсетеді. Аталған спорт мектебінде және филиалдарында 1043 оқушы тұрақты түрде спортпен шұғылданады (аудан бойынша оқушылардың жалпы санынан 24,6%)

2015 жылы спорт шеберіне үміткер нормативтерін 7 спортшы, І-ІІ-ІІІ разрядты спорттық нормативтерін 36 спортшы орындады.

Ішкі саясат

Жастар саясаты. Баянауыл ауданында жастар саясатын іске асыру жұмыстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты заңының аясында іске асырылуда.

Жастар саясатын қолдауды жүзеге асыру мақсатында ауданда «Жастар орталығы» КММ-сі ашылып, үстіміздегі жыл басынан жұмыс атқаруда. Жыл басынан «Жастар орталығы» КММ – сі жастар арасында 63 іс-шара өткізіп, оның ішінде патриоттық шаралар 10 болса, спорттық 13, қайырымдылық- қамқорлық шаралар 12 құрайды.

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» бойынша 3 адам кәсіпкерлік негіздері курстарын оқып келді.

Оқу орындарын бітіріп келген 21 жас маман, жастар тәжірібиесінен 7 адам өтуде. Қалған жас мамандар тұрақты жұмыс орнына орналыстырылған. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарындарында 6 адам жұмыс істеуде.

Конфессионаларалық саясат. Ауданымыздағы дінаралық және конфессияаралық қатынасқа қысым көрсететіндей фактілер тіркелген жоқ, 2015 жыл басынан ауданда дін істері жөнінде «Имандылық орталығы» жұмыс істейді. Жалпы жыл басынан бастап 73 шара өткізіліп, оған барлығы 9300 адам қамтылды, 50 - ден аса фильмдер, 1700 - нан аса үнпарақтар, 700 - ден аса буклеттер, 560 - ден аса дін мәселелерін реттейтін Қазақстан Респуликасының заңнамалық актілері жазылған кітапшалар таратылды. Ауданда «Қауырт желі» билборды орналастырылған.

Коммуналдық сала.

Автокөлік жолдары осы салада маңызды мәселе болып табылады.

2015 жылы аудандық маңызы бар автокөлік жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен 17,5 млн. тенге бөлінді: «Баянаул-Угольное» - 3,0 млн. тенге, «Жанатілек – Жаңа Жайма» - 3,5  млн.тенге, «Каражар-Южное» - 5,0  млн. тенге, «Тендык –Узунбулак» - 2,0 млн..тенге, «Сұлужон ауылына кіреберіс» - 4,0 млн. тенге, жұмыстар аяқталды.

Сол секілді көктемгі су тасқыны салдарынан бұзылған аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының «Бірлік ауылына кіреберіс», «Қарашат-Жанатілек - Жаңа Жайма», «Қаражар - Южное», «Баянауыл - Угольное», «Тендік -Ұзынбұлақ», «Жанажол - Ескельді» және ауылішілік жолдардың «Тендік ауылына кіреберіс», «Қаращы ауылына кіреберіс», «Көкдомбақ ауылына кіреберіс», «Ақши - Ұзунбұлақ» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілде. Қазақстан Республикасы үкіметі резервінен жөндеу жұмыстарына -776,8 млн.теңге қаржы бөлініп 746,8 теңгесі игерілді немесе 96,1% орындалды.

Сумен жабдықтау

Баянаул ауданы бойынша барлығы 6 су құбыры, 9 КБМ, 9 скважина жұмыс істейді. Аудан бойынша халықтың орталықтырған сумен жабдықтауға  қол жеткізу деңгейі 38,9 %. Аудан    бюджетінен 2015 жылы су құбырлары және КБМ-ның бір қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында 10,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі уақытта 100,0% игерілді.

Куркелі ауылдық округіне қарасты  Жарылғап ауылына ұңғыма құдығын қазу үшін 1,0 млн.тенге бөлініп толығымен игерілді.

Баянауыл ауданының әкімдігінің  2015 жылғы 21 қыркүйекте № 247/9 қаулысымен  Майқайың кентінде орналасқан «Майкаинзолото» АҚ-ның баланысындағы жылу жүйесі Баянауыл аудандық коммуналдық меншігіне қабылданып,  Баянауыл ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жұргізу құқығындағы "Серпіліс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының баланысына тапсырылды.

Қазіргі уақытта Майқайың кентіне су беру үшін жаңа сутаратқыштың техникалық шартымен «Горводоканал» мекемесімен  келісім-шарт жасау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

Туризм

Баянауыл ауданының аумағында “Қызыл-Тау” мемлекеттік зоологиялық қорығы бар  Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  (бұдан әрі – БМҰТП) орналасқан, Астананың туристік кластеріне енгізілген. Баянаул курорттық аймақта орналастыру орындарының саны 20 бірлікті құрады, орналастыру бөлмелер саны 840 және олармен көрсетілген қызметтердің көлемі 288,3 млн теңге, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,6%-ға артық.

Туристердің назарына экологиялық туризм, ат үстіндегі турлар, тренингтер және ғылыми туризмнің түрлері (ботаникалық, орнитологиялық, энтомологиялық) ұсынылады. Көпшілікке мәлім туристік-экскурсиялық қызмет көрсетумен қатар БМҰТП-де оқу (экологиялық) жолжөндер бойынша арнайы топтарға қызмет көрсетіледі.

Облыс әкімдігінің қаулысымен Павлодар облысы Баянауыл ауданының туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және 2014-2020 жылдарға Павлодар облысы туристік кластерін дамуыту және жасау Мастер-план бекітілді.

 

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Құқық қорғау органдарымен әрқашан Қазақстан Республикасының заңдарын түсіндіру және құқықтық сананы бекіту бойынша шаралар өткізіледі.

Қоғамдық орындарда тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында, рейдтік, күндізгі, түнгі шаралар, кезекшілік, торуылдау жүргізіледі. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтауға  «Сақшы» қоғамдық жасақшылар мүшелері тартылады. Баянауыл ауданы бойынша жалпы 60 сақшы бар, оның ішінде 2015 жылы 11 азамат әкімшілік заңбұзушылықты ашқаны үшін ынталандырылды,оның  9-ы ақшалай жалпы сомасы 128000 теңгеге, және 2-і алғыс хатпен.

2016 жылдың жоспарында әлеуметтік сала басымды болып табылады: білім беру нысандарын салуға 148 млн теңге бөлініп отыр,  әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға ыстық тамақпен қамтуға -55,3 млн теңге, Бірлік және Құндыкөл ауылдары мектептеріне жөндеу жұмысына 15,2 млн теңге, Қаратомар ауылдық емханасына күрделі жұмыс жүргізуге  – 2,5 млн. теңге, Жанатілек ауылдық мәдениет үйіне – 31,5 млн. тенге. Бұрыннан бері жаңа жұмыс орындарын ашу мен сақтап қалу маңызды болып тұр. Жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға – 7,4 млн.теңге, жұмыссыздарды уақытжа жұмыспен қамтуға – 19,0 млн.тенге. Әлеуметтік көмек қажет ететін жеке азаматтар санаттарына 2016 жылы  26,0 млн. теңге жоспарланған. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Баянауыл ауылы орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіледі және балалар ойнайтын алаң салынады.

Ауданның ауылдық елді мекендеріне әлеуметтік сала мамандарын тарту мақсатында көтерме жәрдемақы төлеуге 10,1 млн теңге және тұрғын үй алуға 28,6 млн теңге бюджеттік несие бөлінді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы