Баянауыл ауданының 2015 жылдың 1 наурызына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 27.09.2016


 Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі

 

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы

 

 

 

 

140300  Баянауыл ауылы Қ. Сәтбаев көшесi, 45

 

Телефоны: 91108

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылғы  10 наурыз

Баянауыл ауданының

2015  жылдың 1 наурызына 

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

  1. Жалпы ақпарат.

Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га. Аудан аумағында көлемі 68,4 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Баянауыл ауданының қарамағында 13 ауылдық округ, 1 кент бар, ауданның құрамына 39 ауылдық елді мекен кіреді. Аудан орталығы - Баянауыл ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық  230 шақырымды құрайды.

Аудан халқының саны 2015  жылдың 1 қаңтарына  (статистикалық мәлімет) – 27,4  (01.01.2014 ж. – 27,7) мың адамды құрады.

 

  1. Ағымдық әлеуметтік-экономикалық даму.

Өнеркәсіп

Ауданда 3 ірі шаруашылық нысаны жұмыс атқарады («Майкубен-Вест» ЖШС, мемлекеттің қатысуымен «Майкаин-золото» АҚ, «Керегетас» кеніші).

2015 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп кәсіпорындары  жалпы сомасы 1138,8 млн.теңге көлемінде өнім шығарған, нақты көлем көрсеткіші 131,6 %-ды құрады.

2015 жылдың қаңтар - ақпан айына көмір (лигнит) өндіру – 502,9 мың тонна немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,0 % құрады.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 ақпанына есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 286,0 млн. теңге, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 % құрады. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 13954 мың теңге немесе өткен жылғы тиісті кезеңге – 91,6 %, соның ішінде: мемлекеттік меншік – 13954 мың теңге.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 338,2 млн.теңге құрады.

2015 жылғы 1 ақпандағы жағдайына Баянауыл ауданы бойынша орта және кіші бизнестің 1470 (1470 - 2014 жылы) субъектісі бар (жұмыс істеп тұрғаны - 1196 (1083 - 2014 жылы), оның ішінде 45 орта және кіші заңды тұлға, 788  жеке кәсіпкер, 413 шаруа қожалығы. Осы аталмыш нысандарды 1958 адам жұмыс атқарады. Орта және кіші бизнестің белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны - 22.

Сауда желісі 156 дүкен (оның ішінде 1 көкөніс сақтайтын қойма), 4 сауда үйінен тұрады, ауданда 11 - қоғамдық тамақтану (кафе)  объектісі, 7 - АЗС, 6 - наубайхана, 9 - шаштараз, 7 - СТО, 173 - басқада тұрмыстық қызмет көрсету объектілері бар.

Ауданда шағын және орта қәсіпкерлік субъектілеріне үнемі қолдау көрсетілуде, тұрғындар арасында бизнесті жүргізудің басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Ауданда кәсіпкерлермен мақсатты жұмыс істеу үшін  координациялық кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде. Кеңесте жаңа бизнес ойлар мен жобалар қарастырылады,  кәсіпкерлердің сұрақтары және мәселелері шешілуде.

Қазіргі кезде шағын және орта бизнестің бірыңғай ақпараттық деректер негізі көрсетілген, өз кәсібін ашқысы келетін және барлық кәсіпкерлер туралы ақпараттар жиналған 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленген. Айналысатын қызмет түрлерін көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тұрғысынан қызмет көрсетулерге және тауарларға нарық қажеттілігі бойынша саралау жүргізілуде:

-Туристік бағыт: туристік кластер, демалыс аймағын дамыту, туристік нысандар, туризм нысандарында инфрақұрылымды дамыту,

- Мал шаруашылығы, отарлы қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, ет бағытындағы мал шаруашылығы;

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу;

- Халыққа тұрмыстық қызметтер;

- Көліктік қызметтер;

- Жол бойындағы сервисті дамыту;

-Құрылыс материалдары және пластикалық терезелер өндірісі және басқалары.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы жеке кәсіпкер Сулейменов Ж.З  (2013 жылы)құрылыстық өнімдерді өңдейтін құрал алуға 3,0 млн. теңге грант ұтып алды. 2014 жылдың 2 мамырынан жұмысын бастады, тәулігіне 1000 дана кірпіш шығарады. 2015 жылы кәсібін кеңейтпек, алдағы уақытта басқа да құрылыс материалдарын шығаруды жоспарлап отыр. Ашылған жұмыс орны - 10.

Сәтбаев ауылдық округінен  ЖК Абжанов Серік  2014 жылы токарлық цех ашуға 3,0 млн. теңге грант ұтып алды. Құрал -жабдықтар ішінара әкелінді, 2 жұмыс орны ашылады. Іске асу мерзімі-2015 жыл.

«Даму» қоры арқылы жеке кәсіпкер Е.К. Есмұхамбетов жүн өңдейтін құрал жабдықтар алуға 2013 жылы – 7 пайыз жеңілдікпен 14,0 млн. теңге несие алып, ғимаратына күрделі жөндеу жүргізді. Қажетті құрал-жабдықтарды алуға ҚХР сұраныс беріп, 2014 жылы - 5,0 млн.теңгесін төледі. Қытай мемлекетінің мамандары келісім шарт бойынша,  құрал-жабдықтарды өздері әкеліп, орнатып жүргізіп беруге тиісті еді, бүгінгі күнге дейін шарт орындалмай тұр. Осы себептерден жуырда Ресейден 5,0 млн.теңгеге жүн өндейтін құрал әкеліп, жұмыс жүргізуде. Іске асыру мерзімі - 2015 жыл. Негізгі өнім - сұранысқа сай кигіз шығару, ашылатын жұмыс орны - 3. 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауданның өндірістік қызметінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады.Ауылшаруашылық өндірісімен айналысады: 3 ауыл шаруашылығы құрылымдары, 412 шаруа және фермерлік қожалықтар, 6764  жеке үй - жай шаруашылығы, соның ішінде мал және құс ұстайтындар 4311.

2015 жылдың 1 ақпанына  ауданда 56627  бас ірі қара мал (90,9%), оның ішінде: 25735 сиыр (107,7%);  қой мен ешкі 96810 (85,5%);  жылқы 21952 (128,7%); 27 шошқа (17,9%) және 20775 (82,2%) құс  бар. Өндірілген өнім көлемі: ет, тірі салмақта  481,8 тн (96,9%),  сүт 1232,6 тн (100,0%),  жұмыртқа 88,7  (100,0 %) дана. Ауыл шаруашылығы өнімі 2015 жылдың 1ақпанына 328,9 млн.теңгеге өндірілді.

Ауданда асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналысатын 4 шаруашылық бар: «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Оразбек», «Қайрбек» және «Анет» шаруа қожалықтары.

ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында «МТС Жайма» ЖШС 2010 жылдан бастап «7000 бас қазақ ақбас тұқымды ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналық мал басын бірге ұстау үшін дамыған инфрақұрылымымен малшаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасын іске асыруда. 2011 жылы «МТС Жайма» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен лизинг негізінде 4 пайыздық үстемемен 1518 млн.теңге несиелік қаржы алды. Оған АҚШ-тан 699 бас «Абердин-Ангус» ет бағытындағы асыл тұқымды, 2012 жылы өз қаржысына Ресейден 170 бас герефорд тұқымдас ірі қара мал әкелді. 2014 жылы Ақмола облысының Сандықтау ауданынан 158 бас герефорд малын әкелді. 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды.

2015 жылы толық циклымен жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Жаңажол ауылдық округінде «Bayanaul Agro» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылып, «Жылына 125 тонна ет өндіретін инфрақұрылымы дамыған мал  шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасымен жұмыс  жүргізуде. Жер көлемі-21615 га (жайылым және егістік), мерзімі 2011-2016, жобаның құны 237,0 млн.теңге, оның 87% өз қаржысы,13% лизингтік және несиелік қаржы.

Торайғыр ауылдық округінде «Сары жайлау Капитал»ЖШС-нің мал   шаруашылығы кешенін құру жоспарлануда,  мерзімі 2013-2016 жыл, құны 300 млн.тенге, жобаның қуаты - 120 тонна ет өндеу.

«Шайхова Г.К.» фермерлік шаруашылығы 2014 жылы өз қаржысына 500-ден астам ірі қара мал сатып әкелді. Жаңадан екі баз салып, жұмыскерлерді тұрғын үй, монша, қажетті инфрақұрылыммен  қамтамасыз етуде. 800 тонна шөп дайындалды,  жем сатып алынады,  екі жаңа трактор, шөп шабу және жинау құрал-жабдықтарымен, бір «Камаз» тіркемесімен және басқа ауылшаруашылығы құралдары сатып алынды, жаңадан 1 ұңғыма құдық қазылды. 

2014 жылғы 1 ақпаны  жағдайы бойынша ауданда - 767 трактор, 3 егіс кешені, 27 комбайн, 228 жүк тасушы машина, 740 трактор тіркемелері бар, 5 қарда жүргіш және 37 жол құрылыс техникалары бар.

 

Әлеуметтік сала

2015 жылы ауданның экономикалық салаларында бағдарлама бойынша – 630 жаңа орындарын ашу жоспарланған, оның ішінде 140 тұрақты және 490 уақытша және маусымдық жұмыс орындары,  1 наурызға - 39 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды.

2015 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес –300 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарлануда. 2015 жылдың 1 наурызға – 73 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды.  Игерілген сомма  - 3008,0 мың.тенге. 2015 жылы бағдарламаға сәйкес – 50 әлеуметтік жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда, 1 наурызға 10 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

        2015 жылдың 1 наурызға аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен 8 отбасындағы  33 адамға 130,9  мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

 18 жасқа дейінгі балалары бар 112 отбасындағы 341 балаға 1363,0 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

       Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 30063,0 мың теңге қаралды. 2015 жылдың 1 наурызға онкологиялық аурумен ауыратын 10 адамға 198,2 мың теңге, туберкулезбен ауыратын 23 адамға 273,7 мың теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын жетім, аз қамтамасыз етілген отбасындағы 15 балаға оқуы және шәкірт ақысына 861,4 мың теңге төленді.

Баянауыл ауданы бойынша 842  мүгедек бар, соның ішінде 75 – 1 топ, 369 - 2 топ, 319 – 3 топ мүгедектері, 79 – 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар.

2015 жылдың 1 наурызға ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне дәрі-дәрмек сатып алуға 3 адамға 2 АЕК мөлшерінде  23,7 мың тенге сомада ай-сайынғы материалдық көмек төленді. Ауған соғысына қатысқандар денсаулығын жақсартуға 15 адамға 2 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 118,9 мың теңге тоқсан сайынғы материалдық көмек көрсетілді; ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқан тұлғалар денсаулығын жақсартуға 2 адамға 2 АЕК мөлшерінде  15,8 мың теңге сомада ай сайынғы материалдық көмек көрсетілді; үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 114 жалғызілікті және жалғыз тұратын жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлер мен 14 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі. 

 

Білім беру саласы

Баянауыл ауданында 33 мектеп, оның 22-і жалпы орта білім беру, 3-уі негізгі білім беру және 8-і бастауыш мектептер. Сонымен қоса қосымша білім беретін 2 өнер мектебі, 1 жасөспірімдердің спорт мектебі, 1 колледж бар.

 Балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту бойынша 7 балабақша, 2 мектеп – балабақша оқу тәрбие кешені және 16 шағын орталық жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылған:

1-6 жас аралығында – 90,8 %

2-6 жас аралығында – 98,5 %                                   

3-6 жаса аралығында – 100 % құрады.

Аудан бойынша барлығы 783 педагог және  138 тәрбиеші бар. Оның ішінде жоғары санатты - 115, бірінші санатты - 330, екінші санатты - 244 және санатсыз - 232. Педагогтардың сапалық құрамы лицензиялық талаптарға сай. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 71,3. 2014 жылда өткен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа балл – 71,3 баллды құрады.

Аудан бойынша ғаламтор жүйесіне қосылған мектептердің саны – 94 % құрап,  31 мектеп ғаламторға жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта бір компьютерге келетін бала 6,5 - ге жетті.

 

Денсаулық сақтау саласы

Ауданда 64 орынды аудандық аурухана, 30 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 16 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 3 ФАП, 6 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 20 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады. Сонымен қатар 6 жеке меншік дәріхана бар.

Аудан тұрғындарына  медициналық  көмекті 36 дәрігер, медициналық жұмыскерлер - 167. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында мамандарды тарту үшін  2009- 2013 жылдар кезеңіне денсаулық саласындағы  35 - маманға көтерме жәрдем ақы және 12 маманға бюджеттік несие берілді. 2014 жылы әлеуметтік көмекпен  ауданға жұмыс үшін келген медициналық мекеменің 5  бітірушісі қамтамасыз етілді.

2015 жылдың қаңтар айы бойынша:

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны – 2 адам

Онко ауруымен ауыратындар саны –6 адам

Сәби өлімі – 0

Ана өлімі – 0

2015 жылда алдын-алу байқауынан  7874 балалар  мен   10022 ересек  адамдар өттікізуге жоспарлануда.

 

Мәдениет және спорт

Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің 22 мәдениет үйі, 37 ауылдық кітапханалар бар.

Аудандық кітапханалардың кітап қоры 196383 дананы құрайды. Ағымдағы жыл басынан аудандық кітапханалардың кітап берілімі – 32118, оқырмандар келімі – 19267 адамды құрайды. Барлық кітапханаларда «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын халыққа насихаттау жалғасын табуда.

2015 жылдың қаңтар, ақпан айларында аудандық мәдениет мекемелерінде 27 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермендер саны 283 адамды құрады.

Олар:  Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ту көтеру» рәсіміне арналған концерттік бағдарлама, Майқайын кентінде өткен Қазақ хандығының құрылуна орай жастар арасында дөңгелек үстел өткізіліп, сонынан концерттік бағдарлама көрсетілді, Қаражар ауылдық клубында ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің семинар кеңесі өткізіліп, соңынан концерттік бағдарлама көрсетілді.  

 

Бюджет.

 

2015 жылғы 1 наурызына  аудан бюджетінің бекітілген кірістер жоспары 531105,0 мың теңге. Орындалу – 551970,1 мың теңге немесе 103,9%. Бюджетке меншікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуінен  1074519,0 мың теңгені құрады, жоспарланған кезеңге 148579,0 мың теңге, орындалу – 169444,0 мың теңге немесе 114,0%.

Шығыстар көлемінің жоспары – 528826,0 мың теңге, орындалу   487731,7 мың теңге немесе 92,2%.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы