Баянауыл ауданының 2015 жылдың 1 қазанға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 27.09.2016


Баянауыл ауданының 2015  жылдың 1 қазанға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

 Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы

 

140300  Баянауыл ауылы Қ. Сәтбаев көшесi, 45

Телефоны: 91108

 

2015 жылғы  1 қазан

Баянауыл ауданының 2015  жылдың 1 қазанға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

Жалпы ақпарат.

Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га. Аудан аумағында көлемі 68,4 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Баянауыл ауданының қарамағында 13 ауылдық округ, 1 кент бар, ауданның құрамына 39 ауылдық елді мекен кіреді. Аудан орталығы - Баянауыл ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық  230 шақырымды құрайды.

Аудан халқының саны 2015  жылдың 1 қазанға  (статистикалық мәлімет) – 27,1 (01.06.2014 ж. – 27,6) мың адамды құрады. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында аудан бойынша 343 бала дүниеге келген (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 311), тіркелген өлім саны 127  (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 142) адамды құрады. Халықтың табиғи өсуі 216 (2014 жылдың сәйкес кезеңінде - 187) адам.

 

Ағымдық әлеуметтік-экономикалық даму.

Өнеркәсіп

Ауданда 3 ірі шаруашылық нысаны жұмыс атқарады («Майкубен-Вест» ЖШС, «Майкаин-золото» АҚ, «Керегетас» кеніші).

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында өнеркәсіп кәсіпорындары  жалпы сомасы 6938,0 (2014 ж. 8801,7) млн. теңге көлемінде өнім шығарған, нақты көлем көрсеткіші 83,3 %-ды құрады.

2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айына көмір (лигнит) өндіру – 1510,5 (2014 ж. - 1565,4) мың тонна немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,7% құрады.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 1750,6 млн. теңге, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызды құрады. Ірі шаруашылық нысандардың өзіндік қаржысына капитал жұмсаудың азаюының нәтижесінде инвестиция көлемінің негізгі капиталы төмендеді: 82,9 млн. теңге «Майқайыңалтын» АҚ Солтүстік-Шығыс қапталындағы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарына, 15,4 млн. теңге - «Майкубен Вест» ЖШС негізгі қаржысын сатып  алуға, 10,9 млн. теңге - «Богатырь - Комир» ЖШС негізгі қаржысын сатып  алуға, 737,6 млн. теңге - бюджеттік мекемелер күрделі  жөндеудеу жұмыстарына, 15,2 млн. теңге «Казахтелеком» АҚ установка беспроводной телекоммуникационной связи 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (7304,3 млн. теңге, оның ішінде 3070,8 млн. теңге – «Сарыкөл» разрезінен Үшқұлын станциясына дейін темір жолдың құрылысына, 76,8 млн. теңге «Майқайыңалтын» АҚ Солтүстік-Шығыс қапталындағы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарына, 367,6 млн. теңге - «БВР Сервис» ЖШС өндірістік базасының құрылысына, 572,3 млн теңге «Майкубен Вест» ЖШС  негізгі қаржысын сатып  алуға, 46,8 млн. теңге - «Гравелит» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарына, 878,0 млн. теңге бюджеттік мекемелер күрделі  жөндеудеу жұмыстарына. 

2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі құрылыс жұмыстарының көлемі 861,3 (2014 ж. – 834,4) млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 98,7 %. Қолдануға берілген ғимараттар құрылысының нақты бағасы 1878,7 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйлердің жалпы алаңын пайдалануға беру 525 шаршы метрді құрады.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте  бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) – 1341,4 (2014 ж. – 1287,5) млн.теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,2 %-ға ұлғайды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімі 2015 жылдың 1 қазанға  4921,2  млн.теңгеге өндірілдінемесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,5 % құрады.

2015 жылдың 1 қазанына ауданда 65922 бас ірі қара мал (89,8%),о.і. 32514 сиыр (122,9%), қой мен ешкі 115265 (80,7%),жылқы 26050 (121,9%), 18 шошқа (12,9%)және 20405 (74%)құс  бар. Өндірілген өнім көлемі: ет, тірі салмақта 5655,1 тн (110,9%), сүт 28752,9 тн(98,5%), жұмыртқа 2108,3 мың (109,9 %)дана.

        Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен 7 шаруашылық айналысады. Олар: «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалықтары «Оразбек», «Қайрбек», «Әнет», «Айша»,«Отан», «Шаихова»   шаруа қожалықтары.

 

р/с

 

Ауылдық округ

 

ЖШС/ШҚ атауы

 

Директоры/

 

басшысы

 

1

 

Қаратомар

 

«МТС Жайма»

 

Алдабергенов Батырбек Қабиболлаұлы

 

2

 

Қызылтау

 

«Оразбек»

 

Төлеубеков Маратбек Оразбеұлы

 

3

 

Қызылтау

 

«Қайрбек»

 

Байкин Жәнібек Қайрбекұлы

 

4

 

Күркелі

 

«Әнет»

 

Каримов Сүтіш Бірлікұлы

 

5

 

Құндыкөл

 

«Айша»

 

Кожин Асылбек Нұрмұханұлы

 

6

 

Ұзынбұлақ

 

«Отан»

 

Акилов Талғат Орынбайұлы

 

7

 

Ақсаң

 

«Шаихова Г.К.»

 

Шаихова Гүлмира Қабдрашқызы

 

 

Асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2015 жылдың 1 қазанына 7,4% құрап отыр. (2014 жылы 4,6% болған).

 

 

 

Көрсеткіш

 

2014ж. 01.10

 

2014ж. 01.10

 

Пайызбен

 

1

 

Асыл тұқымды мал саны

 

3346

 

4848

 

144,8

 

 

 Мемлекет тарапынан отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін көбейту, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қомақты субсидиялар бөлініп келеді.

2015 жылы 269 бас асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 61 шаруа қожалығына 39,817 мың теңге, ал бордақылау алаңына 31 бас еркек төл тапсырғаны үшін 1 шаруа қожалығына  744,0 мың теңге, ірі қара малға тұқымдық  асылдандыру жұмысын жүргізіп отырған 49 шаруа қожалығына 93582,0 мың теңге субсидия төленді. Жұмыс жалғасуда.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» несиелік  бағдарламалары

Бүгінгі күнге «Сыбаға» бағдарламасымен 400 бас ірі қара мал сатып алу үшін  13 шаруа қожалығына 70,3 млн. теңге, «Құлан» бағдарламасымен 195 бас жылқы сатып алу үшін 8 шаруа қожалығына 50,2 млн.теңге, «Алтын Асық» бағдарламасымен 393 бас қой сатып алу үшін 3 шаруа қожалыққа 9,3 млн.теңге несие берілді. Жұмыс жалғасуда.

ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратомар ауылдық округінде  орналасқан асыл тұқымды «МТС Жайма»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі «Инфрақұрылымы дамыған жалпы саны 7000 бас асыл тұқымды қазақтың ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналықты бір кезекте ұстауға арналған мал шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізіп отыр. Жобаның құны 1,518 млн.тг, ет өндіру қуаты -800 тонна.  Мерзімі 2011-2015 жылдары.

Осы мақсатта 2011 жылы «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг негізінде 828,0млн. теңгесіне АҚШ-тан 699 бас «Абердин-Ангус» әкеліп,1500 басқа арналған мал бордақылайтын алаңның құрылысын жүргізді,4 дана ESSIL-KЭС-740-01 астық комбайндарын және «Джон Дир» егін себу кешенін сатып алды.       Өз қаржысына 2012 жылы Ресейден 170 бас, 2014 жылы 203 бас және Ақмола облысының «Свободное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 158 бас асыл тұқымды герефорд малы әкелінді.

 Қазіргі кезде шаруашылықта 3124 асыл тұқымды ірі қара мал бар. Оның 1032 қазақтың ақ бас сиыры,1155 ангус,937 герефорд.

Осы атқарылып жатқан жұмыстар аясында 2015-2017 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалары бар. Олар:

1- жоба: «Ірі қара мал төлін бордақылайтын алаңын бір кезекте  3000 басқа дейін жеткізу». Іске асыру мерзімі 2015-2016.

Мақсаты-жылына 600 тонна сиыр етін өндіру. Ашылатын жұмыс орны 10 адам.

Жобалық сметалық құжат дайындалуда.

2- жоба: «Мал азығын өңдейтін цех ашу». Қуаты 5,0 тонна сағатына. Ашылатын жұмыс орны-12 адам. Ғимараты дайын. Сметалық-жобалық құжат дайындауда. Қаржы көлемі-150,0 млн.теңге. Қаржы көзі- «КазАгроФинанс» АҚ.

3 жоба: «Екібастұз қаласында шағын ет өңдейтін комбинат ашу».

Қуаты 3,0-5,0 тонна тәулігіне. Ашылатын жұмыс орны-30 адам.

Сметалық-жобалық құжат дайындауда.Қажетті қаржы көлемі-100,0 млн.теңге.Қаржы көзі- «КазАгроФинанс» АҚ.

Жаңажол ауылдық округінде «Bayanaul Agro» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылып, «Жылына  125 тонна ет өндіретін инфрақұрылымы дамыған мал шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасымен жұмыс  жүргізуде. Жер көлемі-21615 га (жайылым және егістік), мерзімі 2011-2017, жобаның құны 237,0 млн.теңге, оның 87% өз қаржысы,13% лизингтік және несиелік қаржы.  Мал басы:  ірі қара 234, жылқы-400.

55 ауылшаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 14 млн.50 мың теңгеге 4 техниканы 2012 жылы «КАФ»АҚ арқылы лизингке, 50 млн.846 мың теңгеге 51 техниканы өз қаржысына сатып алған. Өз қаржысына 4 скважина қазды, су тарту автоматтандырылған. Жұмыс істейтін адам саны-15.

Торайғыр ауылдық округінде «Сары жайлау Капитал»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Бакенов Асқар Әбдіқапарұлы) мал   шаруашылығы кешенін құру мақсатында жұмыс жүргізуде. Мерзімі 2013-2017 жыл. Жобаның қуаты- жылына 120 тонна ет өндеу.  Құны 50 млн.тг.

Қара мал, жылқы өсіріп, шағын ет өңдейтін цех ашу. Цехтың негізгі өнімі- ысталған жылқы етінен ұлттық тағамдар дайындау.Қазіргі кезде шаруашылықта 150 жылқы,155 қара мал бар.

«Шайхова Г.К.» фермерлік шаруашылығы 2014 жылы өз қаржысына 500-ден астам ірі қара мал сатып әкелді. Жаңадан екі баз салып, жұмыскерлерді тұрғын үй, монша, қажетті инфрақұрылыммен  қамтамасыз етуде. 800 тонна шөп дайындалды,  жем сатып алынады,  екі жаңа трактор, шөп шабу және жинау құрал-жабдықтарымен, бір «Камаз» тіркемесімен және басқа ауылшаруашылығы құралдары сатып алынды, жаңадан 1 ұңғыма құдық қазылды. 

2015 жылғы 1 қазандағы  жағдайы бойынша ауданда - 789 трактор, 30 комбайн, 228 жүк тасушы машина, басқа ауыл шаруашылық техникалары - 813.

 

Инвестициялық салынымдар:

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің   2014 жылғы 29 - сәуірдегі №421қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі  инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша  субсидиялау қағидаларына сәйкес 2015 жылдың 1 қазанына 16 564,0 мың теңгеге техника алып, модернизация жүргізіп отырған  «Жасталап», «Бұхар Жырау», «Әнет», «Асқар» шаруа қожалықтарына 8 282,0 мың теңге субсидия төленді.

 

Өсімдік шаруашылығы

Аудан бойынша 6 шаруа қожалығы (Жанажол а/о.«Баянауыл-Агро», Жанатілек а/о. «Ынтымақ», Қаратомар а/о.«Нұрлан», «Баянсұлу», «Мадияр», және «МТС Жайма» жаапкершілігі шектеулі серіктестігі егін  шаруашылығымен айналысады.

Жалпы егіс алқабы 2750 гектарды құрады,оның ішіңде 80 га. бидай, 1100 га. арпа,510 га. сұлы,бір жылдық шөп қөлемі   700 га, көп жылдық шөп-450 гектар.

 Бұрыннан көп жылдық ескі шөп көлемі  17100 га, картоп пен көкөніс жеке аулаларда,көлемі   240 га.

 Егін салған 6 шаруа қожалығына 7 664,0 мың теңге демеуқаржы төленді.2015-2016 жылға қыстаққа, 371430 гектар жерден 130,0 мың  тонна, шөп, 2450 тонн сүрлем, 1280 тонна жемазық дайындалды.

 

 Кәсіпкерлік

2015 жылдың 1 қазанына тіркелген  шағын және орта кәсіпкерлер саны- 1805, оның ішінде 75 –заңды тұлға,1307 жеке кәсіпкерлер,423 шаруа қожалықтары.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны-1639,оның ішінде 46 –заңды тұлға,1183 жеке кәсіпкерлер,410 шаруа қожалықтары.

2015 жылы қаңтар-қыркүйек айында өткізілген тауар мен қызметтер көлемі- 1 341,4 млн. теңгені, яғни 0,8 пайызды құрап отыр.

 

Қайта өңдеу саласы

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 9 орын бар: наубайхана-6, (о.і.кондитерлік цех-2), диірмен-1, ет өңдейтін цех-1,  сүтті қайта өңдеу цехы-1.

«Жол карта бизнесі -2020» бағдарламасы  бойынша жүн дайындау және өңдеу цехын іске қосу жоспарланған.(2015 жылдың 15 қарашасы)

Жобаның құны 14,0 млн.теңге (14%, 7 пайызы «Даму» АҚ арқылы субсидияланды). Игерілді.

2015 жылдың 1 қазанына жеке кәсіпкер Есмухамбетов 2,0 тонна киіз (войлок) өңдеп отыр.  1 өнімнің (киіздің) ұзындығы-2м, ені-80см, қалыңдығы-0,5-2 см. Бағасы- шамамен 2,0 мың теңге.

Тендерлерге,мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысу мақсатында SKZ - «Жергілікті өнім өндіруші» (производитель казахстанского содержания) сертификатын алды. Киізге әзірге сұраныс болмай тұр.

Сәтбаев ауылдық округінен, 2014 жылы жеке кәсіпкер «Мирас» Әбжанов Серік 3,0 млн.теңгеге грант ұтып алып, 2015 жылы қажетті құрал-жабдықтар алып, токарлық цех ашты.Ашылған жұмыс орны-1 адам.

«Даму» қоры арқылы жеке кәсіпкер Сулейменов Ж.З  (2014 жылы) құрылыстық өнімдерді өңдейтін құрал алуға 3,0 млн. теңге грант ұтып алды. 2 мамырынан жұмысын бастап, тәулігіне 1000 дана кірпіш шығарды. 2015 жылы кәсібін кеңейтпек, алдағы уақытта басқа да құрылыс материалдарын шығаруды жоспарлап отыр. Ашылған жұмыс орны -10.

Ауданның дүкен иелерімен азық- түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандум жасалды.

Мемлекетімізде өтіп жатқан «Қазақстанда жасалған» атты акциясы негізінде отандық өнімді насихаттау және жергілікті өндірілетін өнімді кең танымал болу мақсатында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен 12 (о.і. Астана қаласында 1, Павлодар қаласында 4, аудан орталығында 4, Майқайың кентінде 3 рет) жәрмеңкелер өткізіліп, барлығы 8 649,0 мың теңгенің өнімі сатылды.

 

   Бөлімнің түйінді мәселелері:

1.Бағдарламашы- маман қажет.

2.Қосымша  1қызметтік автокөлік қажет.

Әлеуметтік сала

2015 жылы ауданның экономикалық салаларында бағдарлама бойынша 630 жаңа жұмыс орындарын ашу  жоспарланған, оның ішінде 140 тұрақты және 490 уақытша және маусымдық жұмыс орындары. 2015 жылдың 1 қазанына 633 жаңа жұмыс  орындары ашылды,  оның ішінде  153-жаңа тұрақты және 480 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.

2015 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес 300 жұмыссыз азаматтарды  қоғамдық жұмысқа тарту жоспарланып. 2015 жылдың 1 қазанына 273 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды. Игерілген қаржы 19278,0 мың тенге. 2015 жылы бағдарламаға сәйкес 50 әлеуметтік жұмыс орындары ашылуы жоспарланып. 1 қазанға 54 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Игерілген қаржы 5676,0 мың тенге.

         2015 жылдың 1 қазанына аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен 9отбасындағы  41 адамға 636,0 мың теңгежергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек,  18 жасқа дейінгі балалары бар 150отбасындағы  435 балаға 5991,0мың теңге  отбасына балалар жәрдем ақысы төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 41163,0 мың теңге қаралды. 2015 жылдың 1 қазанына сол қаржының 24643,1 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде: Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында 2 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрғын үйлеріне  2000,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеңіс күніне орай 280 тыл еңбеккерлеріне  3052,3мың теңге сомасында біржолғы материалдық көмек жасалды. Осы сияқты төлемдер басқада бағдарламада қаралған мұқтаж азаматтарға төленді.

Үйде оқитын 11 мүгедек  балаларға тоқсан сайын материалдық көмек ретінде 200,0мың тенге қаржылай көмек берілді.

Осы сияқты әлеуметтік қолдау, қайырымдылық іс - шаралардың бірі жылда көктем және күз айларында  өткізілетін «Қамқорлық» шаралары.

2015 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазан аралығында «Қамқорлық» айлығы өткізілуіне байланысты, осы акция шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, халықтың осал топтарына, мүгедектерге барынша қолдау көрсетіліп, қайырымдылық іс-шараларды өткізуге барлық нысандағы кәсіпорындар мен мекеме басшылары, мектеп ұжымдары тартылып 2668 әр санаттағы азаматтарға 12322,2 мың теңгенің қайырымдылық көмек түрлері жасалды.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы 86 жалғыз бастыөзіне –өзі күтім көрсете алмайтынжалғызілікті және жалғыз тұратын қарттар мен 17 мүгедек азаматтарға және бала жасынан мүгедек 16 балаға әлеуметтік жұмыскерлер қызмет көрсетеді.  Биылғы жылға осы қызмет түрін көрсету үшін аудан бюджетінен 22977,0 мың теңге қаржы бөлініп соның 13706,0 мың теңгесі есепті кезеңге игеріліп отыр.       

 

Білім беру саласы

Ауданында 2015-2016 оқу жылында: 7 балабақша, 2 мектеп балабақша оқу-тәрбие кешені, 16 шағын орталық жүзеге асырады, 32 жалпы орта білім беру мектеп (21 орта, 3 негізгі, 8 бастауыш мектептер).

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 3 жастан 6 жасқа дейін - 897 бала 100%, 1 жастан 6 жасқа дейін 1259-сі немесе 90,8%-ды құрайды.

Ауданның білім беру жүйесінде 921 мұғалім жұмыс істейді. Аудан бойынша жоғары және І санатты мұғалімдердің үлесі 51,4% құрайды.

Жаппай біліммен қамту қоры – 57 млн. 333 мың теңгені құрады. Оның ішінде, тегін ыстық тамақпен қамту үшін – 49 млн. 425 мың теңге бөлініп, 1810 бала (49℅) тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында 585 оқушыға 3 млн. 897 мың теңге қаражат көліменде көмек көрсетілді. Оның ішінде бюджет есебінен 188 оқушыға 1 млн. 341 мың, демеушілер есебінен 397 оқушыға 2 млн 405 мың теңгеге көмек көрсетілді.

2014 жылы 1 компьютерге 6,9 оқушыдан келсе, 2015 жылы 1 компьютерге 6,7 оқушыдан келді. Аудандағы 93,7 % мектеп ғаламтар жүйесіне қосылған.

2015 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа ұпай бойынша 79,6 ұпайды құрады. Нәтижесінде ауданымыз аудандар арасында 2-ші орын, қалалар мен аудандар арасында 4-ші орынды иеленіп отыр. Ауданның орташа ұпайының динамикасы биыл 8,3 ұпайға артып отыр. Динамиканың өсуі бойынша ауданымыз аудандар мен қалалар арасында 1 орында.

 

Облыстық білім беру басқармасының рейтингісі сәйкес М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ 95,5 орташа ұпаймен ауыл мектептері арасында Павлодар облысы бойынша 1 орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы бойынша 4 «Алтын белгі» иегері, 2 ерекше үлгідегі аттестат иегері өз білімдерін дәлелдеді.

2015 жылы мектептің аяқтаған 271 оқушының 52-сі (19℅) ЖОО мемлекетік грантқа ие болды. Колледждерге 97 түлек (35,7℅) тегін білім алуда.

2015-2016 оқу жылына оқулықтар және оқу-әдістемелік  кешендермен қамтамасыз ету үшін 20 млн.  650 мың теңге қаражат бөлінді.

«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің терезелір мен есіктерін күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 25 млн. теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Егіндібұлақ, Шадыра, М.Ж.Көпеев ат. мектептердің қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 21 млн. 588 мың теңге қаржы бөлінді.

Майқайың №1 мектебінде 12-жылдық білім берудің бастауыш сыныптарына арналған жаңартылған білім беру мазмұнын апробациядан өткізу эксперименті ұйымдастырылады. 

Ауданда шағын жинақты мектептермен жұмыс жасау үшін Баянауыл №2 ЖОББМ базасында ресурстық орталық жұмыс жасайды. Оны қаржыландыру үшін 1,5 млн. қаражат қарастырылған. 2015 жылы қазанда өткен «Облыстық үздік ресурстық орталыгы» сайсыныда 1-орын иеленді.

2014-2015 оқу жылында ауданымыздың құрама командасы облыстық пән олимпиадасынан 8 жүлделі орынға ие болып, «Облыстың ең үздік аудандық олимпиадалық командасы» атағына ие болды.

 

Денсаулық сақтау саласы

Ауданда 64 орынды аудандық аурухана, 30 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 16 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 3 ФАП, 6 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 20 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады. Сонымен қатар 6 жеке меншік дәріхана бар.

Аудан тұрғындарына  медициналық  көмекті 36 дәрігер, медициналық жұмыскерлер - 167.  «Дипломмен ауылға» жобасы аясында мамандарды тарту үшін  2009- 2014 жылдар кезеңіне  денсаулық саласындағы  41 маманға көтерме жәрдем ақы және 17 маманға бюджеттік несие берілді. 2015 жылы әлеуметтік көмекпен  ауданға жұмыс үшін келген медициналық мекеменің 7  бітірушісі қамтамасыз етілді.

 

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айы бойынша:

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны – 10 адам

Онко ауруымен ауыратындар саны –25 адам

Сәби өлімі – 2

Ана өлімі – 1

2015 жылда алдын-алу байқауынан  7874 балалар  мен   10022 ересек  адамдар өттікізуге жоспарлануда. Ағымдағы жылдын 1 қазанға 6018 бала және 11666 ересек адам байқауынан өтті.

 

Мәдениет және спорт

Ауданның мәдениет мекемелері бойынша 2015 жылдың 9 қазанына дейін өткізілген барлық  мәдени шаралар саны 314 (фестивальдер, сайыстар, шығармашылық кештер, концерттер) көрермендер  саны 31455 адамды қамтыды.

 

Кітапхана саласы бойынша

2015 жылдың  бүгінгі күніне дейін -  781   адамға кітапханалық қызмет көрсетілді, кітап берілім саны – 130812 құрады, оқырман келімі –64285.             

2015 жылдың тоғыз айында жалпы кітап қоры –  196593  дана, оның ішінде мемлекеттік тілде –  86895 дана. Кітап қоры  1580 дана жаңа  кітапқа толықтырылды, мемлекеттік тілдегі   1371   дана.

 

Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту

«Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2015 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспары» 2015 жылғы 31 наурызда аудан әкімдігінің қаулысымен қабылданып аудандық бюджеттен бөлінген 882 мың теңге көлемінде жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылы Баянауыл ауданының мемлекеттік мекемелері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңның орындалуына байланысты, мемлекеттік мекемелердің кіріс-шығыс құжаттарына ай сайын сараптау жүргізіп, қортындысы ай сайын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жіберіліп тұрды, 2015 жылғы 9 айдың қортындысы бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 100 пайызды құрады.

2015 жылғы ақпан-наурыз айларында облыстық «Ана тілі» орталығы арқылы мемлекеттік тілге оқыту ұйымдастырылып  (Баянауылда 21 адам (бір топ) Майқайың кентінде 15 адам (бір топ) барлығы 36 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер мемлекеттік тілге оқытылып тыңдаушыларға сертификаттар берілді. 300 мың теңге жұмсалды.

2015 жылғы ақпан – мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2015 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ауданның мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметкерлердің 25-сі ағылшын тілінің бастапқы деңгейі бойынша оқытылды. 60 мың теңге жұмсалды.  

2015 жылғы ақпан-сәуір айларында көркемсөз оқуларына қатысатын үміткерлерге және оқу жасындағы балалардың сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатында бөлімнің ұйымдастыруымен Баянауыл халық театырының жанынан дайындау сыныбы ұйымдастырылып аудан орталығындағы мектептерден шешендік қабылеті бар 10 оқушы іріктеліп алынып аудандық, облыстық, байқауларға қатысу үшін дайындалады. 30 мың теңге жұмсалды.

13-18 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің шұрайы мен киесін насихаттауда және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту, үйрету мақсатында 2015 жылғы ақпан – маусым аралығында өзге этнос жастары арасында конкурстар, оқулар, викториналар өткізілді, атап айтар болсақ:

Ақпанның 26 күні С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Мақатаев оқулары  өтті. Жұмсалған қаржы 15 мың теңге.   

Сәуірдің 06 күні Ұлы Отан Соғысының Жеңісінің 70 жылдығына арналған Баянауылдық ҰОС ардагерлері, жазушы Қалмұқан Исабаевтың (90 жылдығы), және Даңқ орденінің толық иегерлері Бақыт Хайдаров пен Христенко Василий Тимофеевичке арналған оқулар. Жұмсалған қаржы 15 мың теңге.   

Сәуірдің 10 күні «Тіл халық жанын танудың кілті» аудандық кокурсы өтті, жеңімпазы облыстық конкурсқа қатысты. Жұмысалған қаржы 25 мың теңге.  

Мамырдың 12 күні  Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған Бұһар Жырау, Қожаберген Жырау және Аблай ханның оқулары өтті.  Жұмысалған қаржы 15 мың теңге.

Шілденің 1 күні Абай шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, патриоттық сезімді арттыру мақсатында ауданда тұратын өзге ұлт өкілдерінің жастары арасындағы аудандық «Абай оқулары» өтті. Жұмссалған қаржы 25 мың теңге.

Жүлдегерлер мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды. 

Тамыздын 07 күні этнос жастары арасында «Абай окулары» облыстық байқауына, тамыздын 08 күні облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы «Мың бала» республикалық әдени-ағартушылық жобасы аясында  7-17 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу конкурсына және Лебяжі ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» үйымдастыруымен облыстық «Ұлы Абайға 170 жыл» атты ақындар арасындағы байқауға, Баянауыл ауданынаң үміткерлер қатыстырылып осы конкурстардын барлығында да үміткерлер жүлделі орындарға ие болды. Жұмсалған қаржы 30 мың теңге. Қыркүйек айында оқушылар арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай айтыс және Мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл » байқауы өткізілді. Аталмыш шараларға 60 мың теңге қаражат жұмсалды.

            2015 жылы Баянауыл ауданында спорттық ғимараттардын саны 136, 1- стадион, 2 – спорт кешені, оның ішінде 2 денешынықтыру сауықтыру орталығы (ФОК), қарапайым спорт аландарының саны 90, спорттық алаңдардын саны 54, алаңдар 36, спортзалдардын саны 27, оның 22-і мектептерде орналасқан, 4-мектептен тыс мекемелерінде,1 кәсіп орнында, 3- қосымша салынған залдар, 1 хоккей корты, 12 ату албары, 4 шағын футбол аланы бар, олар Баянауыл а/о, Майкайын а/о, Күркелі а/о және Бірлік а/о.

 2015 жылдың қыркүйек айында ауданда 6 спорттық жарыстар өткізілді оларға 550-ден астам адам қатысты. Өткізілген мониторингке сәйкес денешынықтырумен және спортпен айналасатындардың саны 7746 адам,  аудан тұрғындарының  жалпы санынан 28,0 пайызды құрайды.

2015 жылдың 5 қыркүйек күні денсаулық және спорт күндеріне арналған Баянауыл және Ұзынбұлақ ауылдық округтерінде футбол, президенттік қашықтық спорт түрлерінен аудандық жарыс өткізілді, жарысқа 180 адам қатысты.  Сонымен қатар 25 қыркүйек күні «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және Үкібай биге арналған іс-шарада қазақ күресі және аламан бәйге спорт түрлерінен  аудандық жарыстар өткізілді. Қазақ күресі  спорт түрінде 25 палуан күресті. Аламан бәйгеде 24 шабандоз қатысты. 

 

Туризм саласын  дамыту туралы

Баянауыл  - еліміздің  табиғаты көркем және киелі жері болып саналады.

Осы өлкеде туризм саласын дамытуды дұрыс жолға қою ауданның экономикасының  өркендеуіне, осымен бірге әлеуметтік  ахуалдың жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.

Баянауыл ауданында  1985 жылы  құрылған жалпы көлемі  68453 га жерді алып жатқан Баянауыл ұлттық  мемлекеттік табиғи паркі  бар.

Аталған ұлттық парк аумағында  аса көркем табиғат  аясында Жасыбай және Сабынды көлдері    орналасқан.

Осы  Жасыбай көлінің  маңайында  31 демалыс орындары  осында келген туристерге  қызмет етуде.

2015 жылы  Жасыбай  демалыс аймағына  барлығы -119мың 495 адам келіп демалған, 2014 жылы осы  көрсеткіш  134мың 600 адамды немесе  2014 жылмен салыстырғанда 89 пайызды  құрады.

Биылғы жылы демалушылар санының азайыуына  қолайсыз ауа райының, яғни жауын шашынның  әсері тиді.

Баянауыл мемлекеттік  ұлттық табиғи парк аймағында  биылғы жылы  келген туристермен демалушыларды  жергілікті  жердің әсем табиғатымен және қасиетті, киелі жерлерімен таныстыру  11 туристік маршрут  бойынша жүргізілді.

Ол маршруттар : Жасыбай демалыс орнынан  Қоңыр әулие үңгрі, Сайман тас, Жасыбай батырдың зираты, Кемпір тас, С.Торайғыров кесенесіне бару жолдарын қамтиды.

Маршруттар саны  өткен жылғымен салыстырғанда кеміген жоқ.

Алдағы  2016-2017 жылдары  Баянауыл- Қалмақ қырған, Баянауыл- Жаяу Мұса мен  Баянауыл -Бұхар жырау кесенелеріне баруды  туристік маршрутқа қосу жоспарлануда.

Баянауыл ауданының  негігі туристік нысандары болып саналатын Кемпіртас, Қоңырәулие үңгірі, Машүр Жүсіп және С, Торайғыров кесенелеріне баратын  жалпы ұзындығы 58.8 шақырымды құрайтын жолдар салуды қажет етеді, осымен бірге Жасыбай демалыс аймағын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету мақсатында Александровка подстанциясынан ұзындығы 16,2 шақырымдық  жоғары кернеулі 35кВ электр желісін салу қарастырылып отыр.

Осы күрделі мәселе ҚР. Үкіметінің 2014жылғы 19 мамырында № 508  бекітілген қаулысына сәйкес ҚР. Республикасының туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту концепциясына сәйкес  Баянауыл Астана туристік кластеріне  және Павлодар облысының  2020 жылға дейінгі  туризмді дамыту шебер- жоспарына  енгізілген.

ҚР. Инвестиция және даму министрлігінің жіберілген хатына сәйкес  ұлттық жоспарға енгізілген Павлодар облысының  инженерлік – көліктік инфрақұрылымдары жергілікті маңызға ие нысандар болып саналады.

Осыған байланысты техникалық экономикалық негіздеме мен бірге жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу үшін қаржы жергілікті бюджеттен қарастырылуы тиіс.

Егер осы құжаттар дайын болған жағдайда жоғарыда аталған жолдармен жоғары кернеулі электр желісін салу Респуликалық  бюджет есебінен жүргізілетін болады.

Осыған сәйкес ҚР. Инвестиця және даму министрлігі облыс басшылығынан аталған құжаттарды  әзірлеуді аяқтау мерзімі және мемлекттік сараптама қорытындысы туралы ақпаратты  сұрауда.

Жергілікті  бюджеттен  қаржы  бөлінбей тиісті құжаттар дайын болмаған  жағдайда жоғарыда аталған күрделі мәселе  жоспардан алынып жүзеге асыру мүмкін болмайды.

2014 жылы және  биылғы 2015 жылы жеке кәсіпкер Әбиев Қайыржан 50 адамға арналған шатырлы қалашық  тұрғызса  биылғы жылы жеке кәсіпкер Байдильдин Сайлау арнайы бөлінген 0,40 га жерге 7 кигіз үйден тұратын  70 адамға арналған этно ауыл тұрғызып Жасыбай демалыс аймағына келген демалушыларға  қызмет көрсетті,

Осымен қатар,  Жаңа Баян  мен Жұлдыз ЖШС –рі  өз қаржыларына демалушыларға  жыл бойы  қызмет көрсететін демалыс орындарын  2014 жылы салуды бастап 2018 жылы аяқтап іске қосуды  жоспарлап отыр.

Ауданымызда қысқы туризмді  дамытуда жұмыстар атқарылуда.

Атап айтсақ, Баянауыл ауылының іргесінде орналасқан  Көгенбай шоқысында жоғарыға  арнайы көтерілгіш арқылы көтеріліп  төмен қарай шаңғымен және шанамен сырғанау орны демалушыларға тиісті қызмет көрсетуде. 

Баянауыл ауданында туризмді дамыту қабылданған іс шаралар бойынша жүзеге асырылып, туындап отырған күрделі мәселелер шешімін тауып өңіріміздің экономикалық - әлеуметтік  дамуына зор үлесін қосады  деген сенімдеміз.

 

Майқайың кентінің жылу жүйесінің даындығы туралы

Майқайың кентінде 56 көпқабатты үйлер   және 87 заңды тұлғалардың мекемелері орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.   Майқайың кентіндегі қазандықта екі  қазанның біреуі ДКВр-20/13  қазаны дайын, резервтегі КЕ-25/14  қазанының бөлшектері әкелініп дайындалды. Жылу жүйелеріне 30 қыркүйекте су толтырылып тығыздығына тексерілді.  Бүгінгі күні кенттегі аса қауіпті жылу жүйелерінің барлығы 680  метр құбырлардың жөндеу жұмыстары  келесі мердігерлердің демеушілік көмегімен жүргізілді, атап айтқанда:

«Инженерсети» ЖШС –мен Пионерская көшесіндегі 195 метр 159 диаметірлік жылу құбыры, Джамбул көшесінің 35 метр 89 диаметрлік жылу құбырлары,  57 диаметрлік   су құбырлары ауыстырылды.  

«Тамыр» ЖШС –мен Ленин көшесі 33 үймен Энгельс көшесі аралығындағы 210 метр    159 диаметірлік жылу құбырын алып 219 диаметірлік жылу құбырына ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

«Стальмонтаж» ЖШС –мен Абдыкалыков көшесі № 7 үймен  Бөгенбай батыр көшесі  № 1 үй  аралығындағы 240 метр    159 диаметірлік жылу құбырын 219 диаметірлік жылу құбырына  ауыстырылды.

Және «Серпіліс» МКМ –мен кенттің орталық жылу құбырлары жеке кәсіпкер Кабдуловтың демеушілігімен алынған жылу орамдарымен қапталды. «Кенші» ойын сауық орталығының жарылған су құбыры жөнделді. Ленин көшесі 53 үйдің жылу жүйесі жөнделіп, Саяхат дүкені алдындағы және стадион площадкасының жылу таратқыш құдықтарында орналасқан     300 диаметірлік жылу құбырының ысырмасы (задвижка) ауыстырылып, жылу берілді. Бүгінгі күні барлық мекемелерге, сауда орындары мен 56 көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу берілді.   «Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министірлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне» сумен қамтамасыз ету, жылу беру тарифтерін бекітуге сметалық есептемелері жіберілді.

   Жылыту маусымына көмір сұранысы өндірістік қазандықтардың талабы есебінен  14,0 мың тонна құрайды. Бүгінгі күні барлығы 3141  тонна көмір жеткізілді. Сарыкөл кеншісінен 2092,4 тонна, Майкубе кеншісінен 1048,6  көмір жеткізілді.

 

Басқалар

2015 аудан бюджетінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы, жазғы уақытта қалыпты жағдайда үстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен  39 млн. 755мың тенге бөлініп 24000,0 млн.теңгесі игерілді.  Оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы уақытта қалыпты жағдайда үстауға 15340,0 мың тенге бөлініп 8560,0 мың теңгесі игерілді. Жазғы ұстауына 4750,8 мың. теңге бөлініп 100% игерілді,  «Қарашат –Жаңа Жайма» автомобиль жолының 18 шақырым бөлігінің орташа жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжатын әзірлеуге 1200,0 мың тенге бөлінді, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18,464 мың тенге бөлініп 12000,0 игерілді немесе 65% орындалды.     Жоғарыда аталған  жолдарды   қысқы мерзімде қалыпты жағдайда ұстау   жұмыстарын «Серпіліс» МКК қызмет атқарады, барлық техникалар саны: Бульдозер ДТ-75- 1 дана, Т-130-1 дана,       К-700А- 1 дана, МТЗ-82- 15 дана, фронтальді тиегіштер - 3 дана, автогрейдер -1дана. Техникалардың  бөгетсіз жұмыс істеу үшін қолданады.

Баянаул ауданы бойынша барлығы 6 су құбыры (Жуантөбе, Қаратомар, Күркелі, Ұзынбұлақ, Ақсан ауылдарында және Майқайың кентінде), 9 КБМ (Ақсан, Ақши (Ұзынбұлақ ауылдық округі), Баянауыл, Бірлік, Жаңатілек, Құндыкөл, Қараащы, Сұлужон, ЦЭС ауылдарында), 9 скважина (Ақмектеп, Александровка, Қойтас, Жалғызқайың, Лекер, Жарылғап, Торайғыр, Шоман (2012 жылы су тазартқыш құралы құрылды), Баянауыл, ауылдарында) жұмыс істейді. 5 су құбыры мен  9 КБМ және 9 скважинаны үстау, ағымдық  жөндеу жұмыстарын  «Серпіліс» МККМ атқарады. Аудан бойынша халықтың орталықтырған сумен жабдықтауға  қол жеткізу деңгейі 38,9 %.   

Аудан    бюджетінен 2015 жылы су құбырлары және КБМ-ның бір қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында 6000,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі уақытта 6000,0 мың теңгесі игерілді.

Куркелі ауылдық округіне қарасты Жарылғап ауылына ұңғыма құдығын қазу үшін 1000,0 млн.тенге бөлініп толығымен игерілді. 

Баянауыл ауданының әкімдігінің  2015 жылғы 21 қыркүйекте № 247/9 қаулысымен Майқайың кентінде орналасқан «Майкаинзолото» АҚ-ның

баланысындағы жылу жүйесі Баянауыл аудандық коммуналдық меншігіне қабылданып,  Баянауыл ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жұргізу құқығындағы "Серпіліс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының баланысына тапсырылды.

         Қазіргі уақытта Майқайың кентіне су беру үшін жаңа сутаратқыштың техникалық шартымен «Горводоканал» мекемесімен  келісім-шарт жасау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Баянауыл ауданының автомобиль жолдарының су тасқыны салдарынан зардап шеккен учаскелерінің 7 бағытының күрделі жөндеуіне 635114,0 млн.теңге қаржы бөлініп бүгінгі күні 233040,0 мың теңгесі игерілді немесе 36,7% орындалды.

 

Бюджет.

2015 жылғы 1 қазанға  аудан бюджетінің бекітілген кірістер жоспары 3082873,0 мың теңге. Орындалу – 3071490,3 мың теңге немесе 99,6%. Бюджетке меншікті салықтар мен басқа да міндетті  төлемдердің түсуінен  1074519,0 мың теңгені құрады, жоспарланған кезеңге 730842,7 мың теңге, орындалу – 723630,0 мың теңге немесе 99,0%.

Шығыстар көлемінің жоспары – 3080594,0 мың теңге, орындалу   2886961,6 мың теңге немесе 93,7%.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы