• Меню » Қоғамдық тыңдаулар » Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі тұрғындарының Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Қабиден Әубакіровтің есіміне ауыстыру жайлы қоғамдық тыңдау жиынының Хаттамасы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі тұрғындарының Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Қабиден Әубакіровтің есіміне ауыстыру жайлы қоғамдық тыңдау жиынының Хаттамасы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі тұрғындарының

Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Қабиден Әубакіровтің есіміне

ауыстыру жайлы қоғамдық тыңдау жиынының

 Хаттамасы

Торайғыров ауылы                                                                                   06 қыркүйек 2018 ж.

Төрағасы: Е.Канапин

Хатшы: А.Қожабергенова

Қатысқандар саны – 57 адам.

Күн тәртібі:

1. Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қабиден Әубакіровтің есіміне ауыстыру жайлы қоғамдық тыңдау

        Күн тәртібі бойынша,сөз сөйлеген ауылдық округінің  әкімінің міндетін атқарушы Ж.Шарипов жиынға қатысушыларды Қ.Әубакіровтың өмірбаяны және көп жылдар бойы атқарған еңбек жолымен таныстырып өтті. Одан кейін аудан әкімі атына ұсыныс жасалынып аудандық Баянтау газетіне тамыз айының 07 күні хабарландыру беріліп бүгінгі күнге қоғамдық тыңдау өту белгіленген болатын. Сондықтан құрметті ауыл тұрғындары пікірлеріңізді білдірулеріңізді сұраймын.

        Алғашқы сөз сөйлеген ауыл азаматтары Қ.Сулейменов,Қ.Рахимжанов,М.Жакуповтер Қайыңды көшесінің атауы өзгеріссіз қала берсе Қ.Әубакировтың есімін беруге қарсылықтарын білдірді.

        Одан кейін сөз алған  ауыл ақсақалы, дербес зейнеткер Сайлау Баидильдин, осы мәселе төнірегіндегі жан жақты көптеген мәселелерге тоқтап кезінде совхоз кезінде 20 жылға таяу басшылық жасаған көптеген сіңірген еңбек жолын атап айтып ,көше атауын Қ.Әубакировтың есіміне ауыстыру дұрыс шешім болар деген сөзін түйіндеді.

 Бұл пікірді ауыл тұрғындары ұлағатты зейнеткер ұстаздар Ш.Жакупова .З.Ахантаевалар мен қатар Ж.Дюсекеевте толық мақұлдайтындарын айтты.Өз кезегінде сөз кезегін алған ауыл азаматтары Б.Нургожин мен Қ.Рустемовтар да қолдады.

       Осыдан кейін пікір тоқтатылып  дауысқа салайық деген ұсыныс жасалынды.

   Ұсыныс қабылданып дауысқа салынды.

Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қабиден Әубакіровтің есіміне ауыстыру жайлы өткен қоғамдық тыңдау қорытындысы төмендегідей:

Барлығы – 57 адам

Қолдағандар-  52   адам

Қарсы -   5  адам

Қалыс қалушылар - жоқ

1. Көпшілік дауыс қорытындысы бойынша Торайғыр ауылындағы Қайыңды көшесінің атауын Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қабиден Әубакіровтің есіміне ауыстыру жайлы шешім қабылдансын.

2. Хаттама жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандардың тізімі қоса тіркеліп жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын ақпарат құралдарына жариялансын.

3.Ауылдық округі әкімінен аудандық атқарушы органдардың  қарауына ұсынылуы сұралсын.

 

                       Төраға                              Е.Канапин

                       Хатшы                             А.Қожабергенова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы