• Меню » Қоғамдық тыңдаулар » ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІҢ БАҒАСЫМЕН (ҚОӘБ) БІРГЕ «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЙҚАЙЫҢ № 1 БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРІН ӨНДІРУ

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІҢ БАҒАСЫМЕН (ҚОӘБ) БІРГЕ «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЙҚАЙЫҢ № 1 БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРІН ӨНДІРУ

Жарияланған: 22.02.2018


ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІҢ БАҒАСЫМЕН (ҚОӘБ) БІРГЕ

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЙҚАЙЫҢ № 1 БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ»

ЖОБАСЫ БОЙЫНША

АШЫҚ ЖИНАЛЫСТАР НЫСАНЫНДАҒЫ

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫҢ

ХАТТАМАСЫ.

 

  1. Өткізілген күні:16 ақпан, 2018 жыл, 11:00.
  2. Өткізілген орны:Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, «Кенші» МЕО.
  3. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырғанМайқайың кентінің Әкімі – Аханов Сункар Нуртаевич.
  4. Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат жұртшылықтың назарына  «Баянтау» газетінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 4 (10852) саны арқылы жеткізілді.
  5. Қатысқандар:

1) Майқайың кентінің Әкімі - Аханов Сункар Нуртаевич.

2) «IBM GOLD»ЖШС өкілдері және жоба бойынша құжаттаманы әзірлеушілер: Кабазиев Болат Маззафович, Абдукадыров Бахытжан Жумакулович, Абдраманов Жандай Шамиович, Бимендин Сартай Жуматаевич.

3) Павлодар облысы бойынша Экология департаментінің өкілі - Сагитова Гульнар.

4) Павлодар аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы басшысының міндеттерін атқарушы - Кабдуллина Айнур Садибековна.

5) «Павлодар ӘКК» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар бөлімінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаларының жетекшісі - Жапаров Абылайхан Советович.

6) Жергілікті тұрғындар - 89 адам.

Қатысушылардың толық тізімі осы Хаттамаға Қосымша болып табылатын Қатысушыларды тіркеу парағында (8 парақта) берілген.

 

Жиналысқа қатысушылардың ашық дауыс беруімен қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі мен регламентінбекітіліп, төрайымын және хатшысын сайланды.

 

Төрайым:  Тонтаева Карлыгаш Куанышевна – жергілікті тұрғын

Хатшы: Абжанова Айганым – жергілікті тұрғын

 

  1. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі және регламенті:

1) «Павлодар облысындағы Майқайың № 1 байыту фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме» жобасы бойынша баяндама – 15 минут.

2) Жобаны талқылау: сұрақтар мен жауаптар – әр сұраққа және жауапқа 5 минуттан.

3) Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) бойынша баяндама – 15 минут.

4) ҚОӘБ талқылау: сұрақтар мен жауаптар – әр сұраққа және жауапқа 5 минуттан.

 

  1. Сөз сөйлегендер:

1) Майқайың кенті Әкімінің кіріспе сөзі, күн тәртібін, регламентті бекіту, төрайым мен хатшыны сайлау.

2) Болат МаззафовичКабазиевтың«Павлодар облысындағы Майқайың № 1 байыту фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме» жобасы бойынша баяндамасы(баяндаманың мәтіні қоса беріледі).

3) Сартай ЖуматаевичБимендиннің Қоршаған ортаға әсердің бағасы бойынша баяндамасы(баяндаманың мәтіні қоса беріледі).

 

  1. Жұртшылықтың өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

Сұрақ:Аталған жоба қандай кезеңге шақталған?

Жауап:Жобаның өзі ұзақ мерзімді, миллион тоннаға жуық қалдықтартар бар, жылына 200 мың тонна түзілімдерді қайта өңдеу жоспарланып отыр. Барлауға келісімшарт үш жыл, өндіруге 10 жылдан кем құрайды. Мұндай кәсіпорынның кез келген құрылысы едәуір еңбек қажетсінетін процесс, кәсіпорынның құрылысын салу келісімшарт жасасқаннан кейін бір жылдың ішінде жоспарлануда.

 

Зейнеткер, Баянауыл аударының құрметті азаматы Ш.А. Жасылгусованың тарапынан сұрақ: Біз Сіздің жобаңызды тыңдадық, енді менде бірнеше сұрақ бар. Кент сіздердің жобаларыңыздан қандай пайда көреді?Бүгінгі таңда тап сондай кәсіпорын жұмыс істеп жатқанда, тағы бар фабриканың құрылысын салудың қажеті бар ма.

Жауап:Егер жоба мақұлданса, онда жаңа жұмыс орындары ашылады, жергілікті бюджетке салықтар түсе бастайды. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар жергілікті атқарушы органның жоспарларына байланысты болмақ. «Бәсекелі орта» деген ұғым бар және ҚР заңына сәйкес кез келген кәсіпкердің өзінің бизнесін ашуға құқығы бар. Біздің кәсіпорын ашылған соң, біз«Майқайыңалтын» АҚ жұмыс күшін алаңдатпайтын боламыз.

 

«БВР Сервис-2030» ЖШС директоры К.Б.Бектемировтің тарапынан сұрақ: Сіздің баяндамаңызға қарағанда, сіздер барлау өткіздіңіздер, бірақ өндіру де енді болған екен ғой. Екі драга орнатып, бір драгадан тәулігіне 180 тонна қайта өңделіпті. Сіздердің жұмыс жобасы жоқта қалдықтарды өндіруге құқықтарыңыз болды ма және бұрғылаудың қандай көлемі барлауға кетті?

Жауап:Белгіленген тор бойынша түзілімдерді барлау үшін 50 ұңғыма бұрғыланды, бұл 240 қума метрді құрады. Жер қойнауын пайдалануға келісімшартпен  технологиялық сынақтау көзделген, технологияны зерделеу үшін жер қойнауын пайдаланушы 10 мың тонна көлемінде тәжірибелік өндіруді жүргізуге құқылы. Бізде барлық есептемелер бар, түрлі институттарда сынақтар жүргізілді.

 

Зейнеткер, Баянауыл аударының құрметті азаматы В.И.Никишовтың тарапынан сұрақ: Жатқанына ондаған жылдар болған осы түзілімдердің барлығының құрамында сынап бар, оның қауіпті екені белгілі. «Майқайыңалтын» АҚкезінде бұл қалдық қамбасын өткеруге алмады, ал егер сіздер мұның барлығын жоғары көтере бастасаңыздар, онда бұл атмосфералық ортаға және кент тұрғындарының денсаулығына қалай әсер етеді. Мен сіздердің қалдық қамбасын қайта өңдеуді жүргізулеріңізге қарсымын.

Жауап:Бұл мәселені біз зерделегенбіз, сынап қатты күйінде жатыр және қауіпті болып табылмайды, тек шағын консистенциялы булар ғана бар. Жұмыс істеген кезде біз дымқыл флотацияны пайдаланатын боламыз.

 

«Майқайыңалтын» АҚ бас геологы В.М.Стебеневтің тарапынан сұрақ: Болашақ кәсіпорын мен «Майқайыңалтын» АҚ шекаралары қалай түйісетін болады?

Жауап:Алынған жер кесу бойынша шекаралар аумақтығы бойынша жанаспайды. Кәсіпорынның құрылысын кенттің шеңберінде салу жоспарланады. Құрылыс бойынша біздің тарапымыздан жоба әзірленеді, ол құзыретті органдарда барлық қажетті келісуден өтуге тиіс.

 

Зейнеткер А.Рахимжановтың тарапынан сұрақ: «Майқайыңалтын» АҚ-нда жұмыс істеп, мен зейнет демалысына шықтым, тағы фабрика тұрғызудың қажеті қанша. Біз келіспейміз.

Жауап:Кәсіпорынның құрылысы мәселесін құзыретті органдар шешеді және егер әлдебір нәрсе дұрыс болмаса, немесе заң нормаларына қайшы келетін болса, бізге құрылыс салуға тыйым салынады.

 

Зейнеткер Т.М.Мауытовтың тарапынан пікір: Біздің бүгінгі кездесуіміздің мәні – жаңа кәсіпорынның құрылысына біздің келісімімізді алу. Мен, зейнетке өндірістен шыққан адам ретінде, мұның не екенін түсінемін, мен қарсы емеспін, тек сіздерден кентке әлеуметтік тұрғыдан көмек болсын.

Б.М. Ашимовтың тарапынан сұрақ: Егер мүмкін болса, жұмысшылардың еңбекақысының мөлшерін айтыңызшы?

Жауап:Әзірге айта алмаймын, біз«Майқайыңалтын» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін боламыз, ал еңбекақы мөлшері жұмыс жүктемесіне және белгіленген нормаларға сай тағайындалатын болады.

 

«Майқайыңалтын» АҚ заңгері А.Кадауовтың тарапынан сұрақ:Меншік құқығы сіздерге Павлодар қаласы ӘКК тарапынан табысталды, пайыздық арақатынасы туралы білуге болады ма?

Жауап:100% арақатынас.

Кадауов А., «Майқайыңалтын» АҚ заңгері:Концепцияға сәйкес 100% арақатынаста акциялар табыстау заңсыз.

Жауап:Акцияларды 100% арақатынаста табыстауға, сондай-ақ қатысу үлестерін иеленуге Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынбайды.

 

К.К.Турегельдиновтің тарапынан сұрақ:Жаңадан өндіріс салайық деп жатырсыздар, қай жерде орналасады. Жерде сынап калдықтары бар, кент тұрғындарының көпшілігі малмен айналысады. Осы үй жануарларына зиян келтірмейді ме?

Жауап:Жобада кент тұрғындарының барлық мүдделері ескерілетін болады.

 

Аудандық мәслихаттың депутаты, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры К.С.Ботинның тарапынан сұрақ: Депутат болып табылатын және сайлаушылардың мүдделерін қорғайтын кент тұрғыны, «Майқайыңалтын» АҚ басшысы ретінде, маған жаңа кәсіпорынның ашылуы бәрібір емес. Мен жобаның ҚОӘБ және ТЭН зерделедім, сіздер келісімшарт жасасқан уақытта, сіздер жаңа кәсіпорынның құрылысын салудың мағынасы жоқ екенін білдіңіздер, не үшін барлауды бастадыңыздар. ТЭН қарап шықтым, жұмыстар 7-8 жылға жоспарланған, мен тек үш техника көрдім, қалай жұмыс істемексіздер. Кәсіпорында қанша адам қамтылатын болады?

Жауап:Жиырма шақты адам.

Ботин К.С.: Жоба бойынша адамдар вахталық әдіспен жұмыс істейтін болады, ал сіздің баяндамаңызға қарағанда, жұмыскерлердің саны 80 адам, сонда бұл жерде вахтаның қандай қатысы бар. Тап осындай кәсіпорынның директоры болып табыла отырып, мен барлық жұмыстармен өзім айналысамын және мұның не екенін білемін. Бірақ, жобамен танысқанда, мен тек шығарындылар кезіндегі шаңды көрдім, ал басқа шығарындылар қайда, бізде, мысалы, мұндай жұмыстар кезінде бірнеше тонна болады.Тасымалдау, қалау, мұның барлығы қайда орналасатын болады?Сынап шығысы бір тоннаға 20 гр,бүгінге көмбені ешкім де жинамаған. Неліктен бұл мәселе ҚОӘБ құрамында көрсетілмеген. Құжат жасалған, бірақ оны ешкім зерделемеген, сіздер бұл құжаттарды құзыретті экология органдарына, тұтынушыларды қорғау органдарына тапсыруға тиіс едіңіздер. Сұрақтар көп, бірақ жауаптар жоқ.

Жауап:«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»ҚР Заңының 62-бабына сәйкес, әзірлеу сатысында жобалау құжаты ұсынылмайды, аталған сәтке қарай технологиялық бағдарламаны ұсыну қажет, біз оны жасадық. Барлық мәселелер бұл жобада көрсетілген. Бүгінге бұл алдын ала қарастыру. Біз вахталық әдіспен жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін болады деп жорамалдаймыз. Оларды орындарынан іздейтін боламыз және сондықтан вахтаны әдеттегі стандартты әдіс ретінде пайдаланамыз.

 

Ш.А.Жасылгусованың тарапынан сұрақ: Вахталық әдіс жұмысшылар келеді және кетеді дегенді білдіреді, ал жергілікті тұрғындар бұл сынаптан уланатын болады. Мұндай аурулардан кентте өлім-жітім өсті. Біз, зейнеткерлер, тіріміз, ал біздің балаларымыз экологияның әсерінен өліп жатыр, ал сіздер өздеріңіздің жобаларыңызбен бұл туралы ойламайсыздар. Мен жаңа кәсіпорынның құрылысын салуға үзілді-кесілді қарсымын, мұның барлығы адамдардың денсаулығы үшін зиянды.

Жауап:Еліміз қалдықтарға белшесінен батты, Президент бұлқалдықтармен күресуді тапсырды. Біз бұл қалдықтарды тазартатын боламыз, басқасымен қатар бұл бағдарламаға да инвестициялайтын инвесторларды қоштау керек. Жаңа кәсіпорынның құрылысымен жұмыссыздық көрсеткіші азаятын болады. Барлық жобалар келешекте болады, біз Сіздерге барлық есептерді көрсетеміз.

 

Сагитова Г.: Жиналыста тұрғындардың тарапынан келіп түскен барлық ескертпелер хаттамада аталатын болады. Қоғамдық тыңдау өткізілгеннен кейін хаттама сайтта жарияланады. Содан кейін Сіздер өз қарсылықтарыңызды жазбаша түрде бере аласыздар. Мұның барлығы екі айдың ішінде қарастырылатын болады.

 

  1. Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

Павлодар облысындағы № 1 Майқайың байыту фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге ерекше көңіл бөлу; жобалық параметрлерден ауытқуларға жол бермеу; заңнаманың санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарын сақтау қажет.

 

  1. Шешімге заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.


           

Қоғамдық тыңдаудың төрайымы:

 

_________________________ Тонтаева Карлыгаш Куанышевна

 

 

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы:

 

__________________________ Абжанова Айганым

 

Павлодар облысындағы № 1 Майқайың байыту фабрикасының

техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша

техникалық-экономикалық негіздемеге

Қоршаған ортаға әсердің бағасы (ҚОӘБ) бойынша

 

САРТАЙ ЖУМАТАЕВИЧ БИМЕНДИННІҢ БАЯНДАМАСЫ

 

Майқайыңкенті аудан орталығы Баянауыл кентімен (80 км) және облыс орталығы Павлодар қаласымен (120 км) Павлодар-Баянауыл-Қарағанды 1-ші кластың автотрассасыменбайланысқан. Жұмыстар учаскесі Майқайыңкентінен шығысқа қарай 0,5 километрде орналасқан.

Ауданның инфрақұрылымы едәуір жақсы дамыған, ЭҚЖ, автомобиль жолдары мен темір жолдар желісі кеңінен дамыған.

Жұмыстар ауданы отынмен, су және энергетикалық ресурстармен, сондай-ақ білікті инженерлік және жұмысшы персоналмен қамтамасыз етілген. Халық тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында және, бір бөлігінде, ауыл шаруашылығында қамтылған. Елді мекендердің көпшілігі тек жылдың құрғақ мезгілінде өтуге болатын грунт жолдарының желісімен байланысады.

 

Өндірілетін руда № 1 Майқайың байыту фабрикасында 1939 жылдан 1993 жылға дейінгі кезеңде қайта өңделді. № 2 Майқайың АШФ 1962 жылдан бері жұмыс істейді, онда «Майқайың-В»,«Сувенир» кен орындарының сульфид рудалары, ал кейіннен Жамбыл, Семей және Жезқазған облыстарының кен орындарының рудалары қайта өңделді. 1992 жылдан бастап,№ 2 Майқайың АШФ-нда рудаларды байыту алтын бастиекті бөліп алумен және мыс, қорғасын, мырыш, барит және пирит концентраттарын алумен селективті флотация схемасы бойынша жүргізілді.

Байыту фабрикасында алтын және күміс құрамды флотогравитациялық концентраттар, сондай-ақ мыс концентраттар мен мыс-мырыш концентраттар алумен «Алпыс»және«Майқайың В» кен орындарында өткен жылдарда өндірілген сульфид рудалар, «Кварц»алтын іздеушілер артелінен сатып алынған рудалар, кен орнының үйінділерінен тотықтанған рудалар қайта өңделді. Рудаларды қайта өңдеу процесінде үйінділік байыту қалдықтары бұл фабрикалардың қалдық қамбаларына жиналды.

 

Майқайың № 1 АШФ техногендік минералдық түзілімдері (ТМТ) «Әдістемелік ұсыныстамалар…1995ж.» жіктемесі бойынша III топқа - «қарапайым құрылысты пайдалы компонент біркелкі үлеспеген баланстан тыс рудалардың үйінділеріне» жатады. Қорларының көлемі бойынша объект ұсақ объектілерге жатады, оны бағалауды С1 санаты бойынша өткізу қажет және орындыС1 санатының қорлары ұяшығының параметрлері 40х(40х20)м шаршы-тікбұрыш желі бойынша бағаншалық бұрғылау ұңғымаларымен немесе барлау сызықтарымен бағаланады. Вертикаль бойынша барламалық ұңғылар қалдықтарды олардың толық қалыңдығына аршиды.

 

Жұмыстар жүргізу кезінде геологиялық орта мен жер асты суларына әсер ұсынылған іс-шараларды ескергенде, ҚТ және ҚОҚ барлық талаптары сақталған жағдайда, оқшау, қысқа мерзімді және елеусіз болмақ.

Жобаланатын объектінің іске пайдалану кезеңіне санитариялық-қорғау аймағы 500м құрайды (байыту процесі сулы байыту фабрикалары).

Кәсіпорын су қорғау аймақтары мен жер үсті бөгендерінің жолақтарының шектерінен тыс орналасқан.3000 метрден астам радиуста жер үстіндегі су көздері жоқ.

Объект жер үсті және жер асты суларына әсерін тигізбейді.

Жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізу кезінде жер асты сулары мен уақытша жер үсті су ағындарына ықтимал теріс әсердің алдын алатын техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар орындалатын болады.

Іс-шараларды іске асыру қоршаған ортаға барынша аз әсер етуге себептесетін болады, тиісінше, объектіні іске пайдалану кезеңінде жер үсті және жер асты суларын теріс әсер күтілмейді.

Өндірістік технологиялық процесі және Қауіпсіздік техникасының барлық талаптары орындалатын жағдайда, топырақ жамылғысының ластануына жол берілмейді. Өндіріс және тұтыныс қалдықтары қоршаған ортаның, соның ішінде ауданның топырақтарының ластануы үшін ең төмен тәуекелмен кәдеге жаратылады.

Құнарлы қабат жоқ.

Ұсынылған табиғат қорғау іс-шаралары жағдайында, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер әлемінің ауқымды аудандарына теріс әсер болмайды, қарастырылып отырған аумақ қорыққа жатпайтынын, қорғауға жататын ежелгі мәдениет және тарихескерткіштері жоқ екенін айта кету керек. Қызыл Кітапқа енгізілген сирек өсімдіктер де сондай-ақ жоқ. Өндірістік қызметтің нәтижесінде топырақ горизонтына беті қайтарылмас теріс әсерлер күтілмейді.

 

Топырақтарды қорғау талаптарын орындау бойынша негізгі іс-шара:

  1. Қалдықтардың жабдықталған алаңшада, не болмаса контейнерде бөлек жиналуын қамтамасыз ету;
  2. Техника мен көліктің жұмысын бақылау болып табылады.

Табиғат қорғау іс-шараларын өткізу құрылыс жұмыстарының теріс әсерін төмендетуге, жерлердің ресурстық потенциалын және топырақтардың құнарлығын, жалпы экологиялық жағдаятты сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Механикалық бұзушылықтардың топырақ-өсімдік экожүйелеріне теріс әсерін төмендету үшін төмендегілер қажет:

  • жұмыстар жүргізудің заманауи технологияларын қолдану;
  • экологиялық қауіпсіз техника мен жанар-жағар материалдарды пайдалану;
  • жер жұмыстарын топырақтарға және өсімдіктерге теріс әсер ең төмен қолайлы кезеңдерде (қыста) жүргізу;
  • автокөлікке және жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен тексеруді, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу;
  • пайдаланылған майды жинау және оны Қазақстанның заңдарына сәйкес кәдеге жарату;
  • қоқыс контейнерлерін орнату.

 

Қайта құнарландыруға жататын жерлер жоқ.

Жоспарланатын аумақта өсімдіктер мен жануарлардыңсирек және қорғалатын түрлері анықталмаған. Тиісінше, флора мен фаунаға ықпал болмайды.

 

Топырақтарды өндіріс қалдықтарынан қорғау талаптарын орындау бойынша негізгі іс-шара төмендегілер болып табылады:

Контейнерлердің (ҚТҚ жинақтауыштарының) бүтіндігі үшін жауапкершілік көтеру;

ҚТҚ сақталу орындарын санитариялық жай-күйде күтіп ұстау, кәсіпорынның аумағының ластануына жол бермеу.

Қара металдардың сынықтарын белгілі бір орында жиналғаннан кейін ішінара меншік мұқтаждықтарға пайдаланған, сондай-ақ арнаулы ұйымға қайтарма өңдеуге табыстаған жөн.

Қатты тұрмыстық қалдықтар жиналғаннан кейін оларды сондай қалдықтармен айналысатын тиісті ұйымның көмегімен заңға сәйкес кәдеге жарату.

Іске пайдалану кезеңіне: кәсіпорынның негізгі қызмет түрі топырақ жамылғысына тура әсер етпейді, тиісінше, ұсынылған табиғат қорғау іс-шараларын ұстану жағдайында, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер әлемінің ауқымды аудандарына теріс әсер болмайды, қарастырылып отырған аумақ қорыққа жатпайтынын, қорғауға жататын ежелгі мәдениет және тарих ескерткіштері жоқ екенін айта кету керек. Қызыл Кітапқа енгізілген сирек өсімдіктер де сондай-ақ жоқ. Өндірістік қызметтің нәтижесінде топырақ горизонтына беті қайтарылмас теріс әсерлер күтілмейді.

Іске пайдалану кезеңінешуыл, вибрация және басқа физикалық факторлар норманың шектерінде.

Тікелей № 1 Майқайың фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс ықпалын тигізбейді.

 

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ МОНИТОРИНГІН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Бақылау ұйымдастыру және бақылау нәтижелері бойынша уақытылы есептілік үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысына жүктеледі. Бақылау нәтижелері есепке алу журналдарына енгізіледі, кәсіпорынның техникалық есептемелеріне кіреді және оның қызметін бағалау кезінде ескеріледі.

Шығарындыларды бақылау кәсіпорынның күштерімен, не болмаса кәсіпорын шарттық негіздерде тартатын ұйыммен жүзеге асырылады.

Құбырларда бақыламалық өлшеулер жүргізу кезінде шығарындылар көлемімен қатар, атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттектердің максималды концентрацияларын айқындайтын газ-ауа қоспасының параметрлерін де (температурасын, жылдамдығын, көлемін) бақылау қажет.

Объектінің аумағында ұйымдасқан шығарынды көздерінің жоқ болуына байланысты, кәсіпорында шығарынды көздерінде ШРШ нормативтерінің сақталуын бақылаудың график-жоспары мақсатқа сәйкес келмейді. Бақылау есептеу әдісімен жүргізілетін болады.

Қоршаған ортаға әсерға шығарындылар мониторингін жүргізу тәртібін белгілеуді және бекітуді кәсіпорын жүргізуге және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында егжей-тегжейлі тағайындауға тиіс.

 

Сарапшылық бағалаулардың негізінде объектінің іске пайдаланылуы жалпы өндірістік технологиялық тәртібін қатаң ұстану, апаттық жағдаяттардың жоқ болуы шартында, сондай-ақ осы ҚОӘБ жобасында келтірілген ұсыныстамаларды ескеру кезінде табиғи ортаға әлсіз әсер ететін ретінде айқындалады.

Объектінің іске пайдаланылуына экологиялық негіздеме беру кезінде мыналар есепке алынды:

  1. Объектінің аумағының қоршаған табиғи ортасының бүгінгі жай-күйі;
  2. Іске пайдалану кезеңінде қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне ықтимал әсерлердің бағасы;
  3. Процестердің қоршаған табиғи ортаға теріс ықпалын төмендету және алдын алу бойынша табиғат қорғау іс-шаралары.

Ұсынылған табиғат қорғау іс-шараларыкәсіпорынның қоршаған ортаға елеулі әсерлерінің ықтималдығын төмен қылады.

 

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР:

- Атмосфералық ауаға әсер әлсіз ретінде бағаланады;

- Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсер болмайды;

- Су ресурстарына әсер болмайды;

- Топырақтардың қазіргі жай-күйіне әсерлер жоқ.

 

Сөйтіп, № 1 Майқайың байыту фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін қайта өңдеу биосфераға көрсететін әсер елеусіз.

 

Қоршаған ортаға әсердің бағасымен (ҚОӘБ) бірге

«Павлодар облысындағы № 1 Майқайың байыту фабрикасының техногендік минералдық түзілімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме»

жобасы бойыншаБ.М.Кабазиевтың баяндамасы

 

Техногендік минералдық түзілімдер (ТМТ) басқа пайдалы қазбалардың кен орындары секілді жер қойнауын пайдалану объектілері болып табылады.

1992 жылғы 30 мамырға дейін жинақталған техногендік минералдық түзілімдер мемлекеттік меншік болып табылады. 30 мамырдан кейін жинақталған техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

 

 

«IBM Gold» ЖШСтехногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) барлау, өндіру және қайта өңдеу жобасын іске асыру үшін құрылған және Павлодар қаласында тіркелген жеке тау-кен компаниясы.ТМТ өндіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстар Майқайың кентінен аулақта жүргізілетін болады.

 

2015 жылыҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Павлодар» ӘКК арасында 2013 жылғы 30 желтоқсандағы Тікелей келіссөз жүргізу хаттамасының негізінде Павлодар облысындағы № 1 және № 2 Майқайың байыту фабрикасының қалдықтарының техногендік минералдық түзілімдерін барлауға 2015 жылғы 22 сәуірдегі№4594-ТПИ Келісімшарт жасалды.

 

2016 жылы03.06.2013 жылғы№4849 келісімшартқа Толықтыру бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтары«IBM Gold» ЖШС пайдасына табысталды.

 

№1 қалдықтар қамбасыТөлқұжатқа сай 1934 жылдан 1962 жылға дейін № 1 Майқайың байыту фабрикасында Майқайың B және Скен орнының алтын құрамды барит-полиметалл рудаларын қайта өңдеудің және байытудың нәтижесінде түзілген.

 

Аталған қалдықтар 1992 жылға дейін жинақталғандықтан, Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес олар мемлекеттік меншік болып табылды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Павлодар ӘКК жүгінісінің және Тікелей келіссөз жүргізудің негізінде ол ТМТ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу үшін табыстады.

 

Келісімшарттың және Жұмыс бағдарламасыныңнегізінде «IBM Gold» ЖШС 2016 жылы құзыретті орган – Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитетпен бекітілген № 1 қалдықтар қамбасында Іздеу-бағалау жұмыстары жобасын орындауға кірісті.

Бұл қалдықтар қамбасында сынамалар іріктеумен және өңдеумен, лабораториялық зерттеулермен және технологиялық сынақтармен бұрғылау жұмыстары өткізілді.

 

Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша Алтын мен күміс қорлары санағының есептемесі жасалып, ол Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиямен (ҚМК) бекітілді. Хаттама қоса беріледі.

 

ҚМК № 1 қалдықтар қамбасы бойынша геологиялық қорларды бекіткеннен кейін, біздің компания 2017 жылы жер қойнауы туралы заңнамаға сәйкес өндіруге келісімшарт алуға Тікелей келіссөз жүргізу туралы хатпен Министрлікке жүгінді.  

 

ҚРИнвестициялар және даму министрлігі  Жұмыс тобы бойынша Тікелей келіссөз өткізу туралы шешім қабылдады және ұсынылған құжаттарды (Техникалық-экономикалық негіздеме және ҚОӘБ)Павлодар облысының Экология жөніндегі департаментінеэкологиялық сараптамаға жолдады.

Экологиялық сараптаманы алу үшін аталған Жоба бойынша ашық тыңдау нысанында Қоғамдық тыңдау өткізу қажет.

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «IBM Gold» ЖШСбелгіленген процедураға және ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес 2018 жылғы 16 ақпанда ашық жиналыс нысанында Қоғамдық тыңдау өткізеді және Техникалық-экономикалық негіздеме мен ҚОӘБ қарастыруға және талқылауға ұсынады.

 

Құжаттың соңы

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы