• Меню » Қоғамдық тыңдаулар » КҮРКЕЛІ АУЫЛЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ РЕЖИССЕРІ ЖҰМАТ ШАНИННЫҢ АТЫН БЕРУ ТУРАЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ЖИЫНЫ

КҮРКЕЛІ АУЫЛЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ РЕЖИССЕРІ ЖҰМАТ ШАНИННЫҢ АТЫН БЕРУ ТУРАЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ЖИЫНЫ

Жарияланған: 20.07.2017


         Жиынды жергілікті қоғамдастықтың төрағасы Камалиев Мурат Кабулкаирович ашты. Күн тәртібінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі ауылдық округі Желтау ауылы маңындағы Шана қыстағында дүниеге келген,  Қазақ ұлттық театрының негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, Қазақ АССР-нің халық әртісі Жұмат Тұрғынбайұлы Шаниннің есімімен Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылын қайта атауы қаралды.

         Қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынысты қолдап, жалпы дауыс берді. Күркелі ауылдық округінің орталығы Күркелі ауылын «Жұмат Шаниннің 125 жылдық» мерейтойына орай Жұмат Шанин есімімен қайта атау ұсынысын қолдап, осындай игі істер ұрпағымыздың тарихи тұлғаларды мәңгі есте сақтауы үшін маңызды екендігін айтылды.

          Қолдағандар -  67 адам, қарсы дауыс бергендер – жоқ, қалыс қалғандар - жоқ.

          Күркелі ауылы тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылы атауын Жұмат Шанин ауылы атымен қайта аталуы жөнінде шешім қабылданды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы