• Меню » Қоғамдық тыңдаулар » Баянауыл ауданы бойынша 2016-2017 жылдарда жер телімін нысаналы мақсатында пайдаланбауы бойынша 82 жер телімін пайдаланушылар анықталды

Баянауыл ауданы бойынша 2016-2017 жылдарда жер телімін нысаналы мақсатында пайдаланбауы бойынша 82 жер телімін пайдаланушылар анықталды

Жарияланған: 15.03.2017


Баянауыл ауданы бойынша 2016-2017 жылдарда жер телімін нысаналы мақсатында пайдаланбауы бойынша 82 жер телімін пайдаланушылар анықталды, жалпы көлемі 55 465 га (жайылым-29 416 га, егістік/тыңайғанжер-26 049 га).

Олар:Баянауыл ауданы, Ақсан, Бірлік, Жаңатілек, Құндыкөл, Күркелі, Сатбаев, Торайғыр, Ұзынбұлақ ауылдық округтары аумақтарында орналасқан.

Баянауыл ауданының прокуратурасы және Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен бірлесіп жоғарыда аталған жер телімін пайдаланушылармен кездесу жүргізу нәтижесінде:

24 жер телімін пайдаланушы жалпы көлемі –18 689 га егістік жерінен (кадастырлық құны -23 095 681 тенге) бас тарты.

12 жер телімін пайдаланушы жалпы көлемі -2864 га егістікті жайылым түріне ауыстыруға өтініш білдірді.

46 жер телімін пайдаланушы жалпы көлемі -33 912 га жер телімі  «Павлодар облысының жердің пайдаланылуы мен  қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-не нысаналы мақсатында пайдаланбауы бойынша ауданың босалқы қорына қайтару жөнінде жұмыстар жүргізілуі үшін жолданды.

Жұмыстар жалғастырылуда.

Жоғарыда аталған ауданың босалқы қорына қайтарылған жалпы көлемі – 18 689 гажер телімдерін Қазақстан Республикасының Жер кодексі 48-бабына сәйкес(Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу)жеке және заңды тұлға ауылшаруашылығы өндірісін (феремр/шаруа қожалығы, ӨК, ЖШС)жүргізу үшін жалға уақытша өтеулі пайдалану құқығымен алуғаберілетіндігін жеткіземіз.

Сұрақтар бойынша:Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 49 үй мекенжайына,«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не (тел: 8-718-40-9-13-43) хабарлсауға болады.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы