• Меню » Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы

Ыдырысов Айбат Сейсенбекович – «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК басшысының міндетін атқарушы.

1986 жылы дүниеге келді, ұлты қазақ, жоғары білімді. 2010 жылы «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады. 2017 жылғы 4 қыркүйегінен бастап «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарады.

 

Пазылов Кажмухан – Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық мұражайының меңгерушісі.

1953 жылы дүниеге келді, ұлты қазақ, жоғары білімді. 2017 жылғы 4 қыркүйегінен бастап «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК құрылымына енетін М.Ж.Көпеев мемориалдық мұражайының меңгерушісі қызметін атқарады.

 

Аубакирова Жанар Маратовна – Сұлтанмахмұт Торайғыров мемориалдық мұражайының меңгерушісінің м.а.

1965 жылы дүниеге келді, ұлты қазақ, жоғары білімді. 2018 жылғы 20 қыркүйегінен бастап «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК құрылымына енетін С.Торайғыров мемориалдық мұражайының меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы ақпарат

Музей экспозициялары Сәтбаев көшесі бойында 38 үйінде 1973 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан.1989 жылы ғимаратқа қосалқы салынған 2 қабатында қорсақтау және әкімшілік бөлмелері бар. 

Экспонаттар саны – 3657

Қызметкерлер саны – 13

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы алғашында 1964 жылы студенттер бастамасымен Баянауыл аудандық мәдениет үйінде қоғамдық негізде ұйымдастырылды. 1967 жылы ресми түрде мемлекеттік есебіне енді. Музейде 2 еңселі экспозициялық зал мен 2 қабатта қосымша ашлыған «Академик Қаныш Сәтбаевтың артынан қалған өшпес ізі» деп аталатын бөлме және 60 орындық конференц залы бар.  

Еңселі 2 залда академиктің туған қыстауы, балалық, азамат болғандығы, отбасылық шағынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының президенті болып сайланған уақытқа дейінгі, одан кейінгі өмір жолдарынан мол мағлұмат береді. Кітапхана және екі филиалы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейі, Сұлтанмахмұт Торайғыров мемориалдық музейі жұмыс істейді.

Музей экспонаттарның негізін фотосуреттер, құжаттар, жеке заттар және киімдер құрайды.

Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Ғылыми-практикалық конференциялар, дәрістер, жыл сайын «Сәтбаев, Көпеев және Торайғыров оқулары» мастер – кластар, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы «Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Мәкен Төрегелдин атындағы тау – кен және балқыту ісі тарихы музейі және Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи – өндірістік музейімен серіктес болып жұмыс атқарады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 140300, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 38

Жұмыс тәртібі:
09:00 ден 18:30 дейін (демалыссыз)
түскі ас 13:00 ден 14:30 дейін

Экскурсиялық қызмет көрсету мен өтінімлер үшін байланыс телефоны: 8 (71840)9-13-44

Музейдің электрондық поштасыbayan-muzei@mail.ru

 

«Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

тарихы

 

Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы, әрі оның тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа кіндік қаны тамған қасиетті Баянауыл жерінде қыркүйек айында 1964 жылы мұражай ашу мәселесі студент жастардың тілеуімен жүзеге асқан.

1964 жылы 3 ақпанда Алматыдағы опера және балет театрында Қанағаңның жаназасына қатысқан студент Ғаділбек Шалахметов – бүгінде ел таныған қоғам қайраткерінің бастамасымен осы жылы аудандық мәдениет үйінде ғалымның өмір жолдарына қатысты экспозициялық көрме ұйымдастырылып, қоғамдық негізде алғашқы мұражай ашылған.

Жыл өткен сайын жиналған жәдігерлер саны артып, 1967 жылы Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы ресми түрде мемлекеттік мекеме есебіне енген.

2013 жылы облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының және «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы, «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тікелей демеушілік қолдауының арқасында, Қаныш Сәтбаев мемориалдық мұражайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» КМҚК құрылымына С.Торайғыров мемориалдық мұражайы, М.Ж.Көпеев мемориалдық мұражайлары кіреді.

Мұражайдың жалпы аумағы 509.9 шаршы метр.

Қайта жабдықталған мұражай үлкен 2 залдан және жаңа талапқа сай 60 орындық дәріс залы (конференц зал), екінші қабатта «Академик Қаныш Сәтбаевтың артынан қалған өшпес ізі» деп аталатын қосымша бөлме бар.

Еңселі 2 залда академиктің туған қыстауы, балалық, азамат болғандығы, отбасылық шағынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының президенті болып сайланған уақытқа дейінгі, одан кейінгі өмір жолдарынан мол мағлұмат береді. Мұражай қорында 3657 жәдігер бар. Оның 1400 жәдігері экспозиция залында тікелей сөрелерге қойылған.

Баянауыл орталығындағы рухани қазынасы мол тәрбие ордасы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы – Республика жұртшылығын да, сырт елдерден келген қонақтар мен туристерді де қызықтыратын орынға айналған.

Мұражайдың мекен-жайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Ак. Сәтбаев көшесі, 38 үй.

Мұражай басшысының м.а.: Ыдырысов Айбат Сейсенбекұлы

Мұражай аптаның барлық күндері сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін жұмыс істейді.

сенбі-жексенбі күндері кесте бойынша жұмыс істейді.

Телефон: факс 8(71840) 9-13-44, 9-07-92

Мұражай сайты: http://satpaevmuzei.kz

Эл.пошта.: bayan-muzei@mail.ru

Түскі үзіліс: 13:00 ден 14:30 дейін

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы